289
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
610 – жылдың Рамазан айының бір күні сол үңгірде
оған пайғамбарлық міндет жүктелді. Жәбірейіл періш-
те арқылы Аллаһтың алғашқы аяттары түсті.
Бұл жайлы Аллаһ елшісінің өзі былай дейді: «Сол
уақытта періште мені қапсыра құшақтап алды. Ты-
нысым тарылып кетті. Бір уақытта мені қоя берді де:
«Оқы!», – деп бұйырды. Мен «Оқу білмеймін», – деп
жауап бердім. Ол мені қайта құшақтап «Оқы!» деді.
Мен оқи алмайтынымды айттым. Жәбірейіл періш-
те үшінші рет қысқанда «Нені оқиын?» деп сұрадым.
Сонда ол мына аяттарды оқыды:
ْاقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الّذِي خَلَقَ. خَلَقَ الِْنسَانَ مِنْ عَلَقٍ. اقْرَأْ وَرَبّكَ
الَْكْرَمُ. الّذِي عَلّمَ بِالْقَلَمِ. عَلّمَ الِْنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَم
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол
адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың
аса ардақты. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін
үйреткен»
377
».
Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы оқиғаның әсерінен айыға
алмай үйіне оралады. Келген бетте жан жары Хадиша
анамызға басынан өткенін баяндады. Хадиша анамыз
оған: «Ант етейін, Аллаһ тағала сені жамандыққа
ұшыратпайды. Бұл тегін емес. Өйткені сен туыстықты
жақтайсың, шыншылсың, сабырлысың, қонақжайсың,
мұқтаж адамдарға көмектесесің...»
378
дейді.
ІлеХадишабұлоқиғаныТәуратпен Інжілденхабары
молУарақа ибнНәуфалға айтқанда, оның таңданысында
шек болмады. «Аллаһқа ант етейін, егер айтқаның рас
377
«Ғалақ» сүресі, 1-5 аяттар
378
Бухари, Сахих, 1\4 (3)