Previous Page  285 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 285 / 352 Next Page
Page Background

285

Адамзаттың асылы – хазірет

Мұхаммед (с.а.с.)

Тарихи кітаптарда өзге пайғамбарларға қара-

ғанда Аллаһтың сүйіктісі, адамзаттың соңғы елшісі

Мұхаммед Мұстафа

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жайлы дерек-

тер толық сақталған.

Адамзаттың асылы (с.а.с.) (милади жыл санауы

бойынша) 571 жылы, Рәбиул-әууәл айының дүйсенбіге

қараған он екінші түні Меккеде дүниеге келді.

Ол уақыттарда «Мұхаммед» есімі ел арасында кең

таралмаған еді. Атасы Абдулмутталиб немересінің

атын «Мұхаммед» деп қойған себебін «Аллаһтың да,

халықтың да мақтауына ие болғанын қаладым» деп

түсіндірген

370

.

Әкесі Абдуллаһ әлдебір сауда сапарында жүріп,

көз жұмады. Бұл кезде хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дүние

есігін әлі ашпаған болатын. Тумай жатып әкесінен

айрылғанМұхаммед (с.а.с.) төртжасына дейін сүт анасы

Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз анасы Әминаның

қолында өсті. Алты жасында анасы Әмина оны туған-

туыстарын аралатып, әкесінің басына ертіп апару үшін

Мәдинаға аттанады. Нәжжарұлдары жағынан туыста-

рымен танысып қайтқан осы сапарында қайтар жолында

«Әбуа» деген жерде анасы Әмина аяқ астынан ауырып

қайтыс болды. Сапарға бірге шыққан Үммү Әйман ата-

370

Осман Кескиоғлы, Али Химет Берки, Хазрет Мухаммед ве

хаяты. 34 б.