Previous Page  276 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 276 / 352 Next Page
Page Background

276

Пайғамбарлар тарихы

сәбидің сөйлегенін кім естіген! Бұл қыз жамандық істе-

генімен қоймай бізді мазақ еткісі келіп тұр ма?!» – деп

даурыға бастайды. «Ал, қане, Мәриям, айта қойшы, бұл

сәбимен қалай сөйлесеміз?» дейді оған қарап. Сол сәтте

ана құшағындағы сәбиге тіл бітіп:

«Рас, мен Аллаһ

тағаланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар

етті. Сондай-ақ қайда болсам да құтты етті де, тір-

шілігімбойыншанамазды, зекетті орындауғабұйырды.

Мені шешеме мейірімді етіп, бір зорекер және қиқар

қылмады. Маған туылған күнімде, өлер шағымда және

тірілтілетін күнімде амандық болады»

360

,

– дейді.

Сәби Иса «Мен Аллаһтың құлымын» деп бастай-

ды. Бұл сөз – яһуди мен христиандарға берілген жауап.

Өйткені кейін христиандар оны «тәңір» деп танып кетті.

Һәм анасының мейірімді және оған құрмет етемін деуі

арқылы оның бейкүнәлығын және орнының қашанда

биік екендігін білдіреді.

Хазірет Мәриям Құдыста көп тұрмады. Өйткені

бұл баланың әкесі Зәкәрия деп жала жауып, оны шейіт

еткен болатын. Осыдан кейін олар хазірет Мәриямға

да жамандық жасауға жоспар құрып жүрген еді. Ол

Аллаһтың әмірімен баласын алыпжоғары аймаққа кетті.

Ол жердің шөбі шүйгін, жемісі мол, суы кәусар, ауасы

ғажап еді. Кейбір деректерде оның Мысырға кеткенін

айтады. Бұл жерде ол он екі жыл тұрған соң Құдысқа

оралып, Насыра аулына орналасты. Хазірет Иса отызға

келгенге дейін осы жерде тұрды. Отызға толғанда, оған

пайғамбарлық міндеті жүктеліп, Исрайыл ұрпағына жі-

берілді.

Ол алғашқы кезде өзінің пайғамбар ретінде жі-

берілгенін және Раббысынан бір хикметпен келгенін,

360

«Мәриям» сүресі, 30-33