Previous Page  272 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 272 / 352 Next Page
Page Background

272

Иса пайғамбар (а.с.)

ХазіретИсаның анасы–Мәриям еді. АлМәриямның

әкесінің аты Имран болатын. Құрандағы «Әли Имран»

сүресінде айтылатын «Имран» сол кісінің есімі. Ол өз

заманында ел ішінің беделді имамы еді. Осы Имран

дүниеден озғанда, қаршадай Мәриям қызға хазірет

Зәкәрия қамқорлық етіп, ұстаз болды. Өйткені ол

Мәриямның әкесінің қарындасын алған еді. Сол себепті

Мариямға жезде боп келетін. Анасы хазірет Мәриямға

жүкті болған кезден-ақ оны Аллаһтың жолына арнап,

мінәжатханаға атаған болатын. Анасы құрсақтағы

сәбиін ұл болады деп ойлаған еді. Алайда ол қыз болып

туды. Сонда да сөзінде тұрып, аталмыш мінәжатханаға

бағыштады. Хазірет Мәриям тұрған мінәжатханаға тек

Зәкәрия ғана кіріп шығатын

355

. Ол сол жерден көптеген

ғажайып-кереметтерді көретін. Құран соның бірін:

«Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем мінез-

ді етіп өсірді және оған Зәкәрияны қамқоршы етті.

Зәкәрия әр жолы оның бөлмесіне кірген сайын, қасынан

жеміс-жидектер мен әр түрлі азықтарды көретін.

«Әй, Мәриям! Бұл саған қайдан келді?» – деді. Мәриям:

«Ол Аллаһтың қасынан, шексіз, Аллаһ қалаған құлына

есепсіз ризықтар береді», – деді»

356

,

деп баяндай-

ды. Деректерде хазірет Зәкәрия оның бөлмесіне қыста

355

Сабуни. ән-Нубууә. 253-255 беттер

356

«Әли Имран» сүресі, 37.