Previous Page  277 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 277 / 352 Next Page
Page Background

277

Иса пайғамбар (а.с.)

сол себепті Аллаһтан қорқып өзіне бағыну қажеттілігін

алға тартып, халықты дінге шақырады.

Аллаһ тағала елшісіне көптеген мұғжизалар берді.

Негізі, оның өмірге келуі де көкке көтерілуі де, мұғжиза

еді. Оның мұғжизаларын жалпы үшке бөліп қарауға

болады.

Балшықтан құс жасап, оны үрлеп, сосын оған

Аллаһтың рұрсатымен жан беретін.

ХазіретИса заманында медицина өте қаттыдамыған

еді. Иса пайғамбар сол дамыған медицинаның шамасы

келмейтін науқастарға шипа дарытты. Әсіресе, зағип

жандардың көзін емдеп, шырадай жандырды. Алапес-

терді емдеп жазатын. Бұдан басқа жүздеген адам келіп,

сол арқылы Хақтан шипа табатын. Осының ең жоғары

түрі өлген адамды қайта тірілтуі еді.

Адамдарға ғайыптан хабар беретін. Ол адамдардың

ішкен жегендерін және жинаған нәрселері туралы

көзбен көріп тұрғандай айтатын.

Хазірет Иса исрайылдықтарды өзіне бағынуға

шақырып, өзінің Тәуратты да растайтынын, бірақ Елші-

расул болып жаңа шариғатпен келгендіктен, Тәураттың

кейбір заңдарын өзгертетінін халыққа жеткізеді.

Сондай-ақ ол Исрайыл халқына:

«Уа, Исрайыл

халқы! Мені де сендерді де жаратқан Раббымыз –

Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар»

361

,

– деп тәухидке

шақырады.

Інжіл

Аллаһ тағала Исрайыл халқының арасына жіберген

соңғы елші Исаға Інжілді түсірді. Құран осы Інжілдің

бес түрлі ерекшелігін айтады:

361

«Маида» сүресі, 72