Previous Page  278 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 278 / 352 Next Page
Page Background

278

Пайғамбарлар тарихы

Һидаят-тура жол болуы. Сол заманда Исрайыл

ұрпағы арасында ақида-сенімі бұзылғандар көп бола-

тын. Міне, Інжіл кітабы осы сенімнің негізгі тіректерін

баяндайды.

Інжілдің нұр болуы. Адамдарды бақытқа жеткізуге

арқау болғандықтан ол кітап тұтастай нұр болатын.

Тәуратты растауы.

Інжілдің хазірет Мұхаммедтің (с.а.с) келетіні

туралы сүйінші хабар беруі.

Інжілдің тақуаларға насихатшы болуы. Інжілде

көптеген насихаттар мен өнегелер бар.

Сөйтсе де Інжілді адамдар өз қалауына қарай

өзгертіп, бұрмалаушылықтарға жол берген.

Хауарилар

Бір деректе хазірет Исаға бар-жоғы он екі адам ғана

ергені айтылады. Құран осы кісілерді «Хауари» деп

атайды

362

. Хауари сөзі «ақ», «ізгі» және «дос» деген

мағынаға саяды. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хазірет Зүбәйір ибн Әууам туралы: «Әр пайғамбардың

хауариы болады. Менің хауариым – Зүбәйір», –

дейді

363

.

Иса пайғамбардың хауарилары өзіне аса сенімді

һәм берік жандар еді. Хақ пайғамбар оларды жан-жаққа

жіберу арқылы халықты дінге шақырып отырған.

Бірде хауарилар хазірет Исадан: «Уа, Мәриямұлы

Иса! Раббың бізге көктен бір дастарқан түсіре ала

ма?» – деп сұрайды. Бұл, әлбеттте, хауарилардың

жаңадан иман келтірген кездері болатын. Әр мұғжиза

олар үшін өте қызық еді. Хақ пайғамбар оларға: «Егер

362

«Маида» сүресі, 47

363

Бухари. Жиһад, 40; Муслим. Фәдәилус-сахаба, 48