Previous Page  269 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 269 / 352 Next Page
Page Background

269

Зәкәрия мен Яхия пайғамбар (а.с.)

қайдан келді?» – деп сұрағанда, қаршадай қыздан: «Бұл

Аллаһтан, Ол қалаған пендесіне қалағанынша береді»,

– деген жауап еститін. Содан бастап Хақ тағаланың

құдіретінің шексіздігіне үміт артқан хазірет Зәкәрия

өзінің қарттығын ойлап үмітсіздікке салынғанның

жөн еместігін түсініп былай деп ұрпақ тілей бастаған:

«Раббым! Буыным босап, шашым ағарды. Дегенмен

тілегім босқа кетпеген екен», – деді. «Шынында, мен

өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмай-

ды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым қартайды.

Сонда да маған бір мұрагер бере гөр! Ол маған да әрі

Жақып ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым, оны

ризалығыңа бөле!»

352

.

Аллаһ тағала оның осы ықыласпен жасаған дұғасын

бірден қабыл етіп, Жәбірейіл періштені жіберіп сүйінші

хабар береді. Жәбірейіл періште келген кезде, Хақ

пайғамбар құлшылық етіп отырған болатын. Періште

оған көп кешікпей Яхия атты бір ұлды болатындығын

жеткізеді.

Хазірет Зәкәрия дұға етіп бола сала, бұл сүйінші

хабарды естігенде, қатты таңырқап

«Менде қалай бала

болады? Өйткені жұбайым бала туатын жастан

әлдеқашан өтіп кеткен. Ал өзім күшім қайтып,

қартайған қариямын»

353

дейді.

Бұл жерде хазірет Зәкәрия күмәнданып тұрған жоқ.

ҚайтаХақ тағаланыңқұдіретініңшексіздігіне таңданып,

иманының арта түскенін білдірген еді. Жәбірейіл пе-

ріште оған Хақ тағаланың құдіретінде шек жоқтығын

айтты. Хазірет Зәкәрия Аллаһтан әйелінің қалай жүкті

болатындығына қатысты бір белгі сұрады. Жаратқан

352

«Мәриям» сүресі, 4-6

353

«Әли Имран» сүресі, 40