Previous Page  270 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 270 / 352 Next Page
Page Background

270

Пайғамбарлар тарихы

Ие оған белгі ретінде адамдармен үш күн бойы сөйлесе

алмайтындығын айтты.

Көп өткен жоқ бір күні хазірет Зәкәрия аяқ асты-

нан сөйлеуден қалды. Ол айтқысы келген нәрсесін тек

ыммен ғана жеткізе білді. Сол күні таңертең бөлмесінен

шығып еліне қарап: «Ертелі-кешАллаһтыдәріптеңдер!»

– деп ишарат жасады

354

.

Күн мен ай бір пайғамбардың туылуына асыққандай

бір-бірімен жарыса зулап өтіп жатты. Айы-күні

толғанда, хазірет Зәкәрияның қасиетті шаңырағында

«шыр» еткен баланың дауысы естілді. Кейбір деректер-

де Яхия пайғамбар хазірет Исадан үш ай яки үш жыл

бұрын дүниеге келгендігі айтылады.

Хазірет Яхия бала күнінен салиқалы, парасатты

болып өсті. Ол балиғат жасына толғанда, Хақ тағала

оған Тәуратты үйретті, оны терең меңгеруге әмір етті.

Ол Тәуратты тез үйреніп, сол бойынша амал етіп,

кейде сахараға кетіп, сол жерде Хақ тағалаға жалғыз

өзі құлшылық жасай бастады. Өзі жас бола тұра

Тәураттан үкім шығарып, халыққа уағыз айтып, кейбір

мәселелерге қатысты пәтуа беріп отырды. Кейіннен

оған пайғамбарлық беріліп, Тәуратпен де, кейінгі

түскен Інжілмен де амал етті.

Құранда хазірет Яхияның ерекшеліктері туралы

берген мәліметтер мыналар:

Хақ тағаладан рақым мен шапағат беріліп,

күнәлардан ада болды;

Әрдайым ата-анасына ізгілік жасап, оларға әсте

қарсы келмеді;

Дүниеге «шыр» етіп келген һәм өлген сәтте де,

ақыретте қайта тірілген сәтте де Хақ тағаладан амандық

берілді;

354

«Мәриям» сүресі, 11