Previous Page  263 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 263 / 352 Next Page
Page Background

263

Жүніс пайғамбар (а.с.)

келген еді. Ал бүгін басына нәубет төнгенде, дереу

іске көшті. Барлығы бірдей сапқа тұрып, Хақ тағаладан

кешірім тілеп, тәуба етті. Кейбір деректе олар: «Ей, Раб-

бымыз! Біздің күнәларымыз тым көп. Бірақ сен бәрінен

де үлкенсің, ұлысың. Ендеше, Сен бізге өзіңе жара-

сар ғана үкім бер. Мына қылығымызға лайықты үкім

бере көрме!» деп жалбарынды. Аллаһ тағала олардың

күнәларын кешіріп, тәубаларын қабыл етіп, пәлекетті

кері қайтарды

344

.

Аталмыш оқиға Құранда:

«Расында, өздеріне

Раббысыныңқарғысылайықболғандариманкелтірмей-

ді. Сондай-ақ күйзелтуші азапты көргенге дейін (олар

иман келтірмейді). Жүністің елінен басқа (азаптың

келгенін көріп) иман келтірген әрі имандары пайда

берген еш бір ел болмаған. Олар иман келтірген кезде

өздерінен дүние тіршілігіндегі қорлықты айықтырдық

та, оларға тағы біраз өмір бердік»

345

,

– деп айтылады.

Ендеше адамзат тарихында өздеріне азап келгенде,

тәуба етіп, иманға келуі арқылы азаптан құтылған бір

ел ғана бар, ол – осы Жүніс пайғамбардың елі.

Кит жұтып қойған Жүніс пайғамбар (а.с.)

Жүністің (а.с.) мінген кемесі жаймен жылжып

жағадан ұзай берді. Бірталай уақыт жүріп, күн батып,

қас қарайған шақта дауыл тұрып, кеме шайқала баста-

ды. Бір кезде кеме батуға айналады. Бір қызығы мұндай

кезеңде, дәл кемені батыратындай дауыл тұрмау керек

еді. Ақырында кемедегілер бір-біріне: «Шамасы кемеде

қожайынынан қашқан бір құл бар. Қанеки жеребе

тастайық», – деді. Олар жеребе тастаған кезде, жеребе

344

Таббара, Маал-әнбия фил-Қуран, 313-бет

345

«Жүніс» сүресі, 96-98