261
Жүніс пайғамбар (а.с.)
сында, әрине сол елдің басшылары мен байлары тұр еді.
Құранда:
«Бір елге ескертуші жіберген болсақ, әсіресе,
олардың байлары: «Рас, сендер арқылы жіберілген
нәрселерге қарсымыз». Сондай-ақ олар: «Біздер көп
малмен, балаларға иеміз. Сондықтан да азапқа душар
болмаймыз»,–деді»
343
деп,солардыңкөрсоқырлықтарын
баян еткен. Отыз жыл дін уағыздағанда, оған бар
болғаны екі кісі ғана иман келтірген. Қалған дүйім жұрт
тура жолға түспей табандап тұрып алды. Ақырында,
оларды мың жыл уағыздаса, дінге кірмейтінін сезіп,
үмітін үзген Жүніс (а.с.) көп кешікпей оларға Аллаһтың
азабы келетінін айтты. Өзі халықтың көзінен тасаланып,
алыс жақтарға тентіреп кетті. Халқына ашуланғаны
сонша-олардан аулақ кету үшін теңіз жағалауын бетке
алды. Бірақ ол Хақ тағаладан рұқсатсыз кеткен еді. Ол
елге көп ұзамай пәлекет келетіні туралы Хақтан хабар
алған соң, алысқа кетуіме Хақ тағала ашу танытпас
деп ойлаған еді. Алайда пәлекет сол күні келсе де, Хақ
тағаладан «сол жерден шығыңдар» деген жарлық кел-
мейінше, пайғамбарлар ол жерден кетпеулері тиіс еді.
Осылайша Жүніс пайғамбар өз «ижтиһадында» яғни
пікірінде жаңсақ кетті. Егер пайғамбарлардан өзге
жандар, атап айтқанда, ғұламалар осылай қателескенде,
үлкен сауапқа кенелер еді. Әйтсе де пайғамбарлардың
орны қашан да бөлек.
Ол теңіз жағалауына келсе, жолаушы кеме жүргелі
тұр екен. Еш бөгелместен соған мінді де, басы ауған
жаққа кете барды.
Пәлекет пен азаптың мезгілі де толған еді. Халық
алғашқыда оның сөзіне сенбегенмен, сол күні қаланы
тұтастай қара бұлт торлап, қалың тұман түскенін
343
«Сәбә» сүресі, 34-35