Previous Page  256 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 256 / 352 Next Page
Page Background

256

Пайғамбарлар тарихы

тура жолда боламыз, қайта пұтқа табынбаймыз» деп

уағда етіп едіңдер. Қайда сол уағдаларың?» – дейді.

Олар: «Осы әңгімені доғарсақ қайтеді? Біз алты аршын

алтын пұтымызды қалай ғана қиып, сенің жолыңмен

қашанға дейін жүре бермекпіз? Сен де бұдан былай

біздің алдымызды кесуші болма» деп қоқан-лоқы жа-

сайды. Осыдан кейін Илияс Хақ тағаладан бұл елден

кетуге рұқсат сұрады. Аллаһ тағала рұқсат берген соң,

ол елді тастап басқа жаққа хижрат етті. Сол жақтағы

елді мекендерде Тәуратты жасырын үйрете бастады.

КейбірдеректердеИлияспайғамбардыңажалыжетіп

өлгені айтылса, кейбір ғалымдар оның көкке көтеріліп,

әлі күнге дейін бұл өмірде өмір сүріп жатқандығы ай-

тылады. Әйтсе де ақиқаты жалғыз Аллаһқа ғана аян.

Хазірет Илияс өз міндетін толығымен атқарып,

бұл өмірден көшкенде, Хақ тағала сол елге хазірет

Әлиасаъны пайғамбар етіп жіберді.