Previous Page  252 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 252 / 352 Next Page
Page Background

252

Пайғамбарлар тарихы

жерде хауыз жасап, оны суға толтырып бетін әйнекпен

жауып қойған еді. Бәлқис суды көріп бетіндегі әйнекті

байқамай суды кешпек болып етегін көтере бастады.

Сонда Сүлеймен патша оған: «Расында, ол – әйнектен

жарқыратылып жасалған сарай», – деді. Бәлқис сол

сәтте Сүлеймен патшаның дүние-мүлік жағынан да,

парасаттылық пен сана жағынан да, өзінен әлдеқайда

асқақ та биік екенін аңғарды. Өзінің осы уақытқа дейін

Хақтан жырақ мағынасыз ғұмыр кешіп келе жатқанын

түсініп:

«Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы –

Аллаһқа мойынсұнып, мұсылман болдым»

331

,

деп тілін

кәлимаға келтіреді.

Бәлқис иман келтірген соң, онымен еріп келген

уәзірлері де, қолбасшылар да, қызметшілері де тұтастай

мұсылмандықты қабылдады. Ол жерде көп уақыт

тұрып, Ислам дінін үйренеді. Бәлқистің өзі Сүлеймен

патшаға тұрмысқа шығып, кейіннен еліне қайтады.

Осылайша Сүлеймен патшаның Һұдһұдының дәлелі

рас шығып, әлгі құстың арқасында Сәбә деген тұтас бір

ел жақсылыққа бет бұрды. Һұдһұд құстың жаннатқа

кіруінің де сыры осында жатыр еді.

Сүлеймен патша осындай алып патшалықта табаны

күректей қырық жыл бойы Хақ тағалаға шүкіршілік

етумен күн кешті. Баяғы аяқ-қолы шынжырланып

бүкіл қамалдар мен сарайлар салған шайтан-жындар

ол өлгенге дейін соның қол астында ауыр жұмыстар

істеп ғұмыр кешті. Хақ тағала оларды бір адамға

бағындырып, өздерінің адамзатқа ешқандай әсері жоқ

қауқарсыз, бейшара екендіктерін дәлелдетті. Тіпті

олар бұрын адамдарға ғайыптан, болашақтан хабар бе-

реміз деп алдайтын. Алайда ажалы жеткен күні хазірет

331

«Нәміл» сүресі, 41-44