247
Сүлеймен пайғамбар (а.с.)
болды. Желдің жылдамдығы таң атқаннан күн батқанға
дейін екі айшылықжол еді. Сүлейменшеберлерінжинап
елінде балқыған мыстан бұлақ ағызды. Оған берілген
тағы бір нығмет болатын. Өзіне қарсы шыққан адам
мен жындардың аяқ-қолдарын шынжырлап, оларды
теңіз астынан інжу-маржан шығаруға, қалалар салуға
пайдаланды. Олардың ешбірі сол тұтқыннан қашып
құтыла алмады. Кез келген жын яки адам сол жерден
қашатын болса оны дереу жалындаған от күйдіріп аза-
птайтын
326
. Жын мен адамнан құралған мықты шебер-
лер Сүлейменнің бұйрығымен сәулетті құрылыстар,
мүсіндер, көлдей ыдыстар мен тай қазандар жасады.
Хақ пайғамбар тағына қайта отырған соң үш бөлек
әскер жасақтады. Бұлар жын, адам және құстардан
құралған жер қайыстырған қалың қол еді. Ол осы қалың
қолын бастап, желге мініп, қалаған жеріне барды
327
.
Бірде ол Ақса мешітін бітірген соң, қажылық үшін
Меккеге барды. Қайтарда Тайыфтан өтіп бара жатып
бір қойнауға кезікті. Сол жерде құмырсқаның илеуі
бар еді. Олар өз ризықтарын жинау үшін, қойнауға
жайылып кеткен болатын. Сүлейменнің қалың қолын
көрген құмырсқа патшайымы: «Уа құмырсқалар!
Тезірек илеуге қайтыңдар. Мына жақтан Сүлеймен
патшаның жер қайыстырған қалың қолы келе жатыр.
Егер сендер тезірек жасырынбасаңдар, олар езіп
жаншып өте шығады. Қанеки, тездетіңдер!» – деп да-
уыстайды. Хазірет Сүлеймен жан-жануарлардың тілін
түсіне алатын. Ол құмырсқаның сөзін есітіп күлімсіреді
де:
«Раббым, маған және әке-шешеме рақым еткен
нығметтеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы бола-
326
«Сәбә» сүресі, 12
327
Таббара, Маал-әнбия фил-Қуран, 288-295 беттер