248
Пайғамбарлар тарихы
тын іс істеуімді нәсіп ет те өз рақымыңмен салиха-
лы құлдарыңның арасына қоса гөр!»
328
деп дұға етіп
шүкіршілік білдіреді.
Әрі қарай сапарын жалғастырған Сүлеймен патша
түске қарай Санға деген жерге келді. Ол жер қатты
ұнағандықтан, сонда түстенбекші болды. Алайда су таба
алмады. Сүлеймен патшаның әскерінің ішіндегі Һұдһұд
деген құсқа шөл далада су табу міндеті жүктелді. Ол су
тапқан кезде, сол жерді айналып ұшып жүріп алатын.
Осы жолы ол ұшып жүріп өзіне ұқсас бір құсты көріп
қасына қона кетеді. Екеуі бір сәт шықылықтап тұрды
да, жұптасып бір жаққа ұша жөнеледі. Сол уақытта
Сүлеймен патша Һұдһұдқа тапсырма бермек болып
жан-жағына қарайды да, көзіне түспеген соң: «Әлгі
һұдһұд қайда кеткен? Егер ол жоқ болса, әскер сусыз
қалады. Ол рұқсатсыз кетіп әскери тәртіпті бұзғаны
үшін қатаң жазаланады. Егер өзінің іс-әрекеті дұрыс деп
ойлайтын болса, маған айқын дәлелдерін алып келсін.
Әйтпесе оны менің қолымнан ешкім құтқара алмайды!»
– деп ашу шақырады. Көп кешікпей Һұдһұд та келіп:
«Уа, патшам! Мен сен білмеген бір нәрсені біліп келіп
отырмын. Пәлен деген жерде Сәбә деген ел бар екен.
Олардың падишасы әйел екен. Онда дүниенің түр-түрі
бар. Тіпті өзінің үлкен тағы да бар көрінеді. Сөйте тұра
өзінің де, халқының да, күнге табынып жатқандарын өз
көзіммен көрдім. Әзәзіл оларды осал жерлерінен ұстап,
шірк істердің барлығын керемет қып көрсетіп, жолдан
тайдырыпты. Олар осы бетімен кете берсе, тура жолды
мүлде таба алмайды.
«Көктер мен жердегі көместі
көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-
ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаһ
328
«Нәміл» сүресі, 19