Previous Page  244 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 244 / 352 Next Page
Page Background

244

Пайғамбарлар тарихы

оған пайғамбарлық міндет жүктеді. Осылайша хазірет

Дәуіт патшалық пен пайғамбарлықты бірдей атқарған

алғашқы пайғамбар болды. Хазірет Дәуіт қалың қол

жинап сол арқылы шартарапты өзіне қаратып, Құдысты

астана етті. Сондай-ақ оған елін туралыққа бастау үшін

Забур атты қасиетті кітап берілді

323

. Бұл кітаптың жүз

елу сүреден тұратындығы айтылады. Забур ибрани

тілінде Рамазан айында түскен. Хазірет Дәуіттің өзі

хазірет Мұсаның шариғатымен амал еткен.

Дәуіт пайғамбар аса тақуа, әр қадамын Аллаһтың

разылығы үшін басатын Аллаһтың салихалы құлы еді.

Ол күнара ораза ұстайтын. Түннің бір уағында сәждеге

бас қойып, Хақ тағалаға көп құлшылық жасайтын. Ол

туралы Құранда Аллаһ:

«Мықты құлымыз Дәуітті

есіңе ал! Өйткені ол өте бойсұнушы»

324

,

– деп, оның

Өзінің құзырында рухы қаншалықты биік құл екендігін

айтқан.

Хақ тағала оған көптеген мұғжизалар берген. Атап

айтқанда, ол сөзге өте шешен еді. Бір нәрсені түсіндіре

қалса, тыңдағандар тегіс қанағаттанатын. Сондай-

ақ оған ғажайып дауыс берілген. Ол Забурды оқыған

кезде, дауысын естіген жан еріксіз тәнті болатын. Һәм

темірден түйін түйетін ұста еді. Осы өнеріне сүйеніп

әр түрлі құралдар жасау арқылы, өзіне және от басына

нәпақа табатын. Өзі патша болса да, ешқашан мемлекет

қазынасын жеке басының шаруасы үшін жұмсамайтын.

Бірақ ол темірді балқытпай-ақ қамырдай илеп қалаған

қалпына келтіретін. Бұл оған берілген мұғжиза еді.

Пайғамбар – патша ел ішіндегі қазылық міндетті

де өзі атқаратын. Бірде оған екі адам келіп, бірі екінші

323

«Исра» сүресі, 55; «Ниса» сүресі, 163

324

«Сад» сүресі, 17