239
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
ойлап тебіреніп тұрды. Бір кезде Талут өзеннің арғы
бетіне өтіп, шабуылға шығуға әзірленуге бұйрық берді.
Барлығы өтуін өтсе де, әскер ішінен «Есі ауысқан адам
болса, жауға шапсын. БізЖалутқа қарсышығыпшыбын
жанымыздан айырыла алмаймыз. Әлімізді білмейтіндей
есімізден әлі адаса қойған жоқпыз», «Жалутқа қарсы
тұру өзіңе өлім тілеу деген сөз», «Біз осы жерге дейін
дуаланып алданып келдік. Ес жияр кез келді» деген да-
уыстар естілді. Ақырында, бірнеше адам қалың қолдың
пікірін жеткізбек болып, Талуттың құзырына келді.
Олар:
– Ей, Талут! Бүгін бізде Жалут пен оның
құмырсқадай қаптаған қалың қолымен шайқасатын
күш-қуат жоқ. Сондықтан тірі тұрғанымызда осы
жерден ары бармай кері шегінейік, – деді.
Бірақ Талут соғысты олардың өздері қалағандарын
және жарты жолда кейін қайтпайтындықтары туралы
уәделерін естеріне түсірді. Һәм осы соғыста жеңсе әйел,
бала-шағасын тұтқыннан құтқарып, жерлерін қайтарып
алып, бостандыққа шығатындығын естеріне салды.
Дегенмен олардың көнетұғын ыңғайы байқалмады.
Соғыспайтынына да көзі жеткен Талут:
– Ендеше соғысқысы келмейтіндер ана жерге
барып тұрсын, – деді.
Сол кезде қалың қолдың басым көпшілігі жапа-
тармағай Талут айтқан жерге барып тұра қалды.
Бұлардың бәрі де әлгінде ғана судан өлгенше ішкен
сарбаздар болатын. Суды көп ішкен кезде-ақ олардың
жүректеріне қорқыныш ұялап, күллі батылдықтарын
сол су шайып кеткен еді.
Бұл жерде қолбасшы Талут әскерін сынақтан
өткізіп, мықтыларымен ғана соғысқа шықпақ болды.