238
Пайғамбарлар тарихы
айтса, бірдеңе біліп айтқан шығар. Оны бізге Құдай
тағаланың өзі басшы етіп таңдаған жоқ па? Қаталап
шөлдеген адамға бір жұтым судың өзі жетіп жатыр.
Одан көп ішуге болмайды» деген адамдар да болды.
Көп ұзамай алдарынан бір өзен көрінді. Өзен
мөп-мөлдір болып көздің жауын ала сыңғырлап ағып
жатыр. Шөлдеп кенезесі кепкен қалың қол өзенге қарай
лап қойды. Олар өзенге илеудегі құмырсқадай үймелеп
жатқанда, Талут ұзақтан қарап тұрды. Олар бір-бірін
өзенге жапа-тармағай итермеледі. Бірі су кешсе, енді
бірі суға сүңгіп, шөлдері қанғанша әбден ішіпті. «Су
ішіп, сенің әскерің болмағанда біздің қай жеріміз
кеміп қалады?!» деп шуласты. Олар судан мейлінше
ішіп, артынан аттарын суарып болып кері шегініп, су
жағасына шықты. Олар осылай дем алып тұрған шақта,
су ішпей Талутпен бірге тұрған азғантай қол жаймен
барып судан іліп алып бір жұтқанды қанағат тұтып
кері қайтты. Бірақ олар осы кезде өздеріне не болғанын
білмей қатты таңырқап тұрып қалды. Өйткені алақан
толы суға шөлдері басылып қалды. Тіпті сахарадағы
көрген шөлдерін де ұмытып кетті. Онымен қоймай,
бойларына бұрын-соңды болмаған бір күш-қуат бітті.
Жүректеріне батылдық орнады. Дәл қазір қарсы ал-
дынан қара нөпір жау шыға келсе де, жалғыз-ақ «ат-
тандап» шығуға әзір тұрды. Бәрі бірдей осы ғазауатта
шейіт болуға құлшынып тұрды. Олар іштей «Мінеки
қолбасшыға қалтқысыз бағынудың сыры! Бойға біткен
бұл неткен ғажайып күш десеңізші! Дәл қазір қарсы
жақтан жаудың жүз мың қолы келсе де, мына өзенді
бір-ақ аттап, жауға қарсы жалғыз шапқым келіп тұр.
Шіркін-ай! Қолбасшыға бағынудың сыры осы болса
Жаратқанға мойынсұнудың сыры қандай болмақ?» деп