Previous Page  234 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 234 / 352 Next Page
Page Background

234

Пайғамбарлар тарихы

теліп қалмай, ақиқатты бетке айтқандары үшін көптеген

пайғамбарларды өлтірді. Құранда Аллаһ:

«Біз Исрайыл

ұрпақтарының берген сөзі мен кепілдігін алдық

.

Оларға

пайғамбарлар жібердік. Қай уақытта болмасын олар

өздеріне ұнамаған сөздерді айтқаны үшін пайғамбарды

жақтыртпады. Кейбірін өтірікші санаса, ал кейбірін

өлтіріп тастады»

309

дейді.

Ақыры, бұларға пәлекет те келіп жетті. Амалика

елінен Жалут

310

деген бір залым патша шығып, бұларға

іркес-тіркес шабуыл жасап, қатты шығынға ұшыратты.

Жалут олардың әйелдері мен қыздарын күң, ұлдарын

құл етіп езіп қанады. Исрайыл жерінің көбін басып

алып, халқына ауыр салық төлетіп отырды. Жалуттан

әбден зорлық-зомбылық көрген Исрайыл халқы осы

бодандықтан құтылып, қасиетті жерлерін қайтарып

алудың түрлі жолдарын қарастыра бастады. Осы

кезеңде Хақ тағала оларға бір пайғамбар

311

жіберген бо-

латын. Олар көп ойланып ақырында амалсыз өздеріне

жіберілген пайғамбарға барып ақыл сұрауларына тура

келді. Олар пайғамбардан:

Бізге бір әділ патша сайлап бер. Аллаһ жолында

ғазауатқа шығайық, – дейді. Сонда Пайғамбар:

Егер мен сендерге бір патша тағайындасам, онда

сендерге соғысу, сол жолда өлу, соғыстан қашпау парыз

болып қалады. Ал күн ертең-ақ сұрапыл шайқас үстінде

жаумен бетпе-бет келгенде, естеріңді жинай алмай,

бытырап қашып жүрмейсіңдер ме? Сондықтан парыз

309

«Маида» сүресі, 70

310

Жалут – Мысыр мен Палестина аралығындағы Амалика

елінің патшасы (Замахшари. әл-Кәшшаф. I/296).

311

Кейбір деректерде ол жіберілген пайғамбардың Ишмуил

(Самуэль) екендігі айтылады.