233
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
қиыншылығын да, сахарада дүниенің ләззатын да
көрмеген, тек Хақ тағаланы ғана ойлап күн кешкен,
жүз мыңдаған жауға жалғыз өзі шапқанда «селт» етіп
сескенбейтін, өлімді мәңгілік бақытқа, Хақ тағалаға
қауышу деп айқын сенетін сол бір қырыққа келіп
қыннан шыққан қылыштай жарқылдаған жігіттер
Юшаның бастауымен көп ұзамай қасиетті жерлерді
басып алады. Мұсаның (а.с.) Юшаға аманат етіп кеткен
өсиетін орындайды.
Ал хазірет Мұса пайғамбар сол күндерді көре
алған жоқ. Бірде ол бір төбенің басына шығып талай
жыл армандаған қасиетті жерлерге қасіретке толы
сағынышпен ақырғырет көз тастап ұзақ қарады. Өйткені
ажалы жақын еді. Бауыры Харун пайғамбар да бұдан
бір жыл бұрын қайтыс болған. Енді, міне, мұның да
ақыретке көшер сәті әні-міне дегенше келіп те қалған.
Мүмкін ол осы кезде «міндетімді толық орындай алдым
ба?» деп ойланған да болар. Әйтсе де Хақ пайғамбар
өзіне тиесілі міндетін толықтай орындады. Одан кейін-
гісін орынбасары Юша жалғастыруы тиіс еді.
Кейбір деректерде хазірет Мұса жалғыз өзі сахара-
да жүрген кезінде қайтыс болып, оның жаназасын пері-
штелер шығарып жерлегені туралы айтылады.
Талуттың әскері
Исрайыл ұрпақтары Юшадан кейін шамамен бес
жүз жылдай патшалық құрып шат-шадыман өмір сүрді.
Осы жылдар ішінде оларға көптеген пайғамбарлар
келіп, жол көрсетіп отырды. Дегенмен олар өздеріне
келген пайғамбарларға тек қатты қысылып істері
түскен жағдайда ғана бағынып, ақыл сұрап, жайшылық
кезеңде оларды тыңдамады. Бағынбаумен ғана шек-