231
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
қалғандықтан, әрі жылдар бойы перғауынның қол ас-
тында бодан болып, жігерсіз құл болғандықтан, рухы
ояна қоймады. Һәм басты себеп, олардың имансыздығы
мен өлімнен қорқулары еді. Өйткені олар әлі күнге
дейін «Ей, Мұса, «Раббыңа айт», «сенің Раббың» деп
келген еді. Хазірет Мұса да оларға көп насихат айтып
батылдандыруға тырысып баққанмен, олар күн сайын
кері кетіп, ең соңында: «Ей, Мұса! Әлгі еңсесі биік,
жауырындары қақпақтай, алақандары күректей, дау-
ыстары жер жарған, түрі құбыжық тәрізді адамдармен
соғыспақ тұрмақ сол қаланың маңына да жолай алмай-
мыз. Олардың біреуінің өзі онымызды жерге жығып,
жүзімізді жарға құлатар. Қаланы аламыз деп олардың
табандарының астында тапталып өлгенше, шыбын жа-
нымызды қорғап сахарада тынышжүргеніміз әлдеқайда
жақсы. «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» деген осы.
Бізде олармен алысар айла, күресер қауқар жоқ. Мықты
болсаң, Раббыңмен бірге бар да, өзің-ақ соғыс. Біз осы
жерде сендерді күтіп тапжылмай отырайық»
307
, – деп
арам ойларын хазірет Мұсаның алдына жайып салады.
Олардың мына сөздері Мұса пайғамбарға (а.с)
үлкен соққы боп тиді. Қаншама жылдан бері барлық
қиыншылықтарды жеңіп мақсатқа жетуге бір қадам
қалғанда, олар: «Біз бұдан әрі бір елі жылжымай-
мыз», – деп пайғамбарларына опасыздық жасады.
Егер осы кезде баяғы сиқыршылар болғанда, олардың
осы опасыздықтарын ашық айтып, беттеріне түкіріп,
Пайғамбарларына қарап: «Уа, қасиетіңнен айналайын
ұлы Пайғамбар! Басқан ізіңе, сөйлеген сөзіңе, жүрген
жолыңа сен үшін қашанда жанымызды пида етуге
әзірміз. Осы күнге дейін жаныңда жүріп кәусардай
307
«Маида» сүресі, 24