226
Пайғамбарлар тарихы
Олар тез сәждеге жығылып, хазірет Мұса дұға тілеп,
жамағаты «әмин» деп тұрды.
Аздан соң мінәжат бітіп, тұман сейілген кезде
жетпіс адамның жүрегін тұман басып: «Ей, Мұса! Біз
бұл тауға неге келдік? Қайда әлгі дауысын естіген
Хақ тағала? Ақыры осы жерге келген екенбіз. Біз Оны
көрмей қайтпаймыз», – дейді. Хақ пайғамбар оларға Хақ
тағаланы көру мүмкін еместігін бүкіл ынта пейілімен
түсіндірді. Өйткені ілгеріде өзі көрмекке талпынып,
Ол таудан елестегенде таудың быт-шыты шығып, өзі
есінен танған болатын.
Хақ пайғамбардың Құдай тағалаға «өзіңді көргім
келеді?» деуі мен басқа Исрайыл халқының «Құдайды
бізгекөрсет»деуі екі басқанәрсе.Өйткені пайғамбардың
сұрауы иманның күштілігінен әрі Аллаһқа деген
сүйіспеншіліктің белгісі болса, исрайылдықтардың
көргісі келуі күмән, күдіктің, пайғамбарға қарсы
шығудың белгісі еді. Сол себепті олар сөз соңында
қатты кетіп: «Ей, Мұса! Егер сен анық пайғамбар
болсаң, онда бізге Құдайды айқын көрсетуің керек.
Ал көрсетпесең, біз сенің пайғамбар екеніңе сене
алмаймыз»
305
, – дейді. Өздерінің бұзауға табынып, тау
көтере алмас күнә жасап, соған тәубе еткендеріне сүт
пісірімдей уақыт өтпей жатып, пайғамбарларына қарсы
шықты. Олар осылайша қырсығып тұрғаны сол еді,
кенеттен маңайды ащы бір дауыс кернеді де, жасын
түсіп, әлгі күмәншіл халық түгел қырылды. Хазірет
Мұса соқа басы ғана қалып, оларға жаны ашып, көз
жасын көл қылып жылайды. Ол: «Я, Раббым! Енді
мен Исрайыл ұрпағына не бетіммен барамын. Бұлар
олардың ішіндегі ең тәубаға келген деген адамдар еді.
305
«Бақара» сүресі, 55