Previous Page  225 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 225 / 352 Next Page
Page Background

225

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

Ал енді өздеріңнің беріліп табынған тәңірлеріңнің

сұрқына қара. Біз оны өртеп сосын бөлшектеп теңізге

тастаймыз»

303

, – дейді. Осыны айтты да, Самиридің

көзінше алтын бұзауды ерітіп, бөлшектеп теңізге

тастатады. Ал Самири кейінгі өмірінде ел естімеген

ауыр науқасқа ұшырап, елсізде қаңғып өмір сүреді.

Денесіне адамның қолы тиіп кетсе-ақ науқасы қатты

қозатын, тіпті алыстан адамның қарайған сұлбасы

көрінсе, «маған жоламаңдар», «маған жоламаңдар» деп

айқай салып қашатын болды

304

.

Хақ пайғамбар халқына: «Уа, халқым! Тәңірлерің

Аллаһ тағала ғана. Одан өзге ешбір тәңір жоқ. Оның

ілімі барлық нәрсені қамтыған. Сендер бұзауға табынып

өз бастарыңа жамандық тілеп алдыңдар. Ендеше, дереу

сендерді жаратқан Раббыларыңа жалбарынып кешірім

сұраңдар, тәубе етіңдер. Бұл өздерің үшін әлдеқайда

жақсы. Сонда тәубелерің қабыл болады. Өйткені

Ол өте рақымды», – деп халқын тәубаға, туралыққа

шақырады.

Хақ пайғамбар осыдан кейін Хақ тағалаға

жалбарынып, елі үшін кешірім тіледі. Елінің надан

қылығын кешіру үшін арнайы уақыт белгілеуін сұрады.

Хақ тағала осы тілегін қабыл етіп, орны мен уақытын

айтты. Олар Тұр тауына барып сол жерде жамағат

болып тәубаға келіп, жалбарынатын болды.

Хазірет Мұса елінің ішінен жетпіс адамды

таңдап алып, Тұр тауына қарай жолға шықты. Тауға

жақындағаны сол еді, айналаны тұман баса қалды.

303

«Таха» сүресі, 97

304

Абдуллаһ Әмин Чимен, Ничин хелак олдулар? Стамбул. 2008.

398-бет