223
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
үмбетімніңарасындаСені көрмейиманкелтіргендердің
алғашқысымын», – деді»
299
.
Осыдан кейін Мұса (а.с.) Жәбірейіл арқылы
арнайы әмірлер жазылған Тәурат тақтайшаларын
алды. Ол кетерде Хақ тағала оған:
«Рас, Біз сенен
кейін еліңді сынадық. Сондай-ақ оларды Самири
жолдан тайдырды»
300
,
– деп олардың бұзауға табынып
кеткендерінен хабар береді.
Хазірет Мұса Тұр тауына кеткен кезде, Исрайыл
ұрпағы арасында қайтадан сиыр тәңір туралы сөз
қозғала бастады. Сол кезде араларынан Самири деген
бір адам шығып, олардың Мысыр елінен алып шыққан
бүкіл алтындарын бір жерге жинатып, соларды ерітіп
бұзаудың мүсінін құйдырды. Самири оларға: «Міне,
сендердің де, Мұсаның да тәңірі осы. Бірақ Мұса осы
тәңірін ұмытып кеткен болатын», – деді. Олар Самириге
«Е, бәсе, іздегеніміз осы тәңір еді. Мынауың Мысыр
тәңірлерінен де ғажап дүние болды ғой. Рахмет саған,
Самири», – деп алғыстарын жаудырып, мәз-мейрам
болды. Олар алтындарын ерітіп пұт құйып жатқанда,
хазірет Харун ашуланып: «Уа, халқым! Сендер осы
бұзау арқылы сынаққа түстіңдер. Дегенмен әлі де кеш
емес. Өйткені Аллаһ тағаланың рақымы шексіз. Ендеше
дереу тәубаға келіп, маған бойсұнып, бұйрықтарымды
бұлжытпай орындаңдар», – деді. Сонда араларынан
біреуі суырылып шығып: «Біз Мұса келгенге дейін,
бұзауға табынудан әсте бас тартпаймыз» деді. Бұдан
кейін хазірет Харун оларды әр түрлі жолдармен хаққа
шақырғанмен, олар бұған құлақ аспады. Тіпті сәл
299
«Ағраф» сүресі, 143
300
«Таһа» сүресі, 85