218
Пайғамбарлар тарихы
не болғанынбілмей аспанға қарап еді, таудай екі теңіздің
өзіне қарай құлдилап құлап келе жатқанын көріп қалды.
Ол сонда ғана өлетініне көзі анық жетті. Осы уақытқа
дейін бойындағы өзін алдап келген нәпсісі ғайып болды
да, ақылшы шайтаны аяқ астынан жоғалып кетті. Ол:
сол сәтте дереу сәждеге жығылып: «Исрайыл ұрпақтары
иман келтірген Тәңірден басқа тәңір жоқтығына иман
келтірдім. Мен де бойсұнушылардан болдым»,
–
деп,
өзінің мұсылман болғандығын жариялайды. Алайда
шыбын жан шығар сәтте тілін кәлимаға келтіру иман
келтіргенге жатпайды. Оның үстіне перғауынның
аятта айтылған сөздеріне зер салып қарасаңыз, оның
шынайы мұсылман болғаны нақты білінбейді. Ол «Ис-
райыл ұрпақтары иман келтірген Тәңір» – дейді. Бұл
Исрайыл ұрпақтарының ішіндегі қай исрайылдықтарды
меңзеген? Өйткені Исрайыл ұрпақтарының ішінде
Хақ тағалаға иман келтірген де, одан өзге бұзауға яки
басқаға табынғандар да бар еді. Иман келтіргендерінің
өзі Хақ тағалаға дұрыс сенбейтін. Тұп-тура иман келтіру
деп перғауын сиқыршыларының иман келтіруін айтуға
болады. Олар кезінде сәждеге жығылып: «Әлемдердің
Раббына иман келтірдік. Мұса менХарунның Раббына»,
– деген еді. Бұл жерде олар біріншіден, «Әлемдердің
Раббына» деп күллі ғаламзатты жаратқан Жаратушыны
айтып тұр. Екіншіден, «Мұса мен Харунның Раббына»
дейді. Яғни ол екеуінің пайғамбарлығын мойындау-
мен бірге соларды жіберген жалғыз Жаратқанға иман
келтіріп тұр. Үшіншіден, исрайылдықтар секілді емес,
Мұса мен Харун қалай сенсе біз де солай сендік деп
ақида-сенімдерінің дұрыстығын меңзеген. Мінеки, бұл
жерде сиқыршылардың иманы осы тұрғыдан ең мықты
терең иман болатын. Оларды суға тұншықтырса да,