Previous Page  217 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 217 / 352 Next Page
Page Background

217

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

жағалауға шыққанда бұлар да оқ бойы жақындап

қалған болатын. Бір кезде Хақ тағаланың әмірімен

теңіз қайта жабыла қалды, перғауын мен оның әскері

теңізде кеменің күйреген тақтайларындай әр жерден

бір көрініп өлім құшағына еніп бара жатты. Көп ұзамай

теңіз баяғы қалпына келді.

Перғауын теңіз жолымен жүріп келе жатқанда, екі

жағында асқар таудай болып толқып теңіздер тұрған

еді. Ол іштей қатты қорықса да, әскерінің алдында

беделі түсіп, өзінің пенде екендігін көрсетіп алатын

болғандықтан амалсыз кері қайта алмай, осы жолға

түскен-тұғын. Перғауын залым болса да, ақымақ, сана-

сыз адам емес-тін. Ол санасыз болса, елін басқара ал-

майтын еді. Сондықтан хазірет Мұсаның хақ пайғамбар

екендігін жақсы білетін. Әсіресе сиқыршылардың аяқ-

қолын бір-бірлеп кесіп, азаптап өлтірсе де, олардың

«қыңқ» етпей жан үзуі және сүйген жары Әсияның

азаптан көз аша алмай өліп бара жатып күлімсіреуі

бұған қатты әсер еткен еді. Өзінің немере ағасының

да иман келтіргенін сезетін. Бірақ өзі иман келтірейін

десе, өз тағынан да, бағынан да айырылып қаламын ба

деп қатты қорқатын. Өйткені ол елге «тәңірмін» деп

құқайлану арқылы ләззат алатын. Һәм Исрайыл халқы

оның құлақ кесті құлдары еді. Енді келіп бір кездері

суға ағып бара жатып, өз адамдары арқылы сарайға

әкелінген исрайылдық бір баланың артынан еру бұл

үшін өлімнен де өткен қорлық еді. Шайтан оның осы

осал жерінен мықтап ұстағандықтан ол ақтық деміне

дейін нәпсісін жеңе алмады.

Осындай ойлар санасында сапырылысып жатқанда,

бір кезде артындағы мыңдаған әскерінің құлақ тұндыра

шыңғырған жан дауыстары оны селк еткізді. Ол әу баста