Previous Page  219 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 219 / 352 Next Page
Page Background

219

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

отқа күйдірсе де, алған бетінен қайтпайтындықтары

осы сөздерінен белгілі.

Хақ тағала:

«Сенен кейінгілерге үлгі болуы үшін

денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз»

294

, –

деп, Мысыр

перғауынының денесін кейінгі ұрпаққа ғибрат ретінде

сақтады.

Құранда Аллаһ тағала: «Кімде-кім тозаңның

түйірініңсалмағындайжақсылықжасаса, олоныкөреді»

дегеніндей, перғауынның осы жарамсыз кәлимасы мен

сәждесінің өзін оң қадам, кішігірім жақсы амал ретін-

де бағалап, оның жан қалауын береді. Яғни оның де-

несін қияметке дейін шірітпей сақтайды. Өйткені

перғауындар мәңгі жоқ болып кетуден қорыққан. Өлген

соң денелерін мумиялатып пирамидада сақтатуы да

сондықтан еді. Перғауын теңізде өлгенде, Хақ тағала

оның зорлықпен болса да тілмен айтқан иманының

құрметіне сай осы тілегін қабыл алып, оның денесін

ғасырлар бойы теңіз астында мумиясыз-ақ сақтайды.

Кейіннен еуропалық ғалымдар осы перғауынның му-

миясын теңіз жағалауын қазып жүріп тауып алады.

Перғауын сол сәждеге басын қойған күйінде тұрады.

Ғалымдар зерттей келе табылған адамның денесі сол

перғауын заманына сәйкес келетіндігін анықтап қатты

таңырқайды. Өйткені оның денесі сол күйінде шірімей

сақталған болатын. Олар қанша зерттегенмен, ғасырлар

бойы мумияланбаған адам денесінің қалай шірімей кел-

геніне саналары жетпейді. Теңізге батқан перғауынның

денесін көп ұзамай теңіз толқыны жағалауға шығарып

294

«Жүніс» сүресі, 92