Previous Page  215 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 352 Next Page
Page Background

215

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

еді. Алайда Исрайылдықтар мұндай нәубетті көрген

жоқ.

Мысырдың кәпір халқының төбесіне төнген осы

пәлекеттер шамамен он жыл бойы бірінен-соң бір айна-

лып келіп тұрды. Әр пәлекет келгенде, хазірет Мұсаға

жалынып, пәлекет кетісімен, уәдеден тайып тұрды. Әрі

исрайылдықтардың да Мұса пайғамбармен бірге елден

кетулеріне рұқсат бермеді.

Исрайыл халқының Мысырдан көшуі

Перғауын мен оған ерген халқының бұдан былай

иманға келмейтінін білген хазіретМұсаға Хақ тағаладан

халқын түнделетіп Мысырдан көшіріп әкету туралы

уахи келді. Алайда әскерін ерткен перғауынның арт-

тарынан өкшелетіп қуатынын, бірақ бұларға еш нәрсе

істей алмайтындығын ескертті.

Хақ пайғамбар бір түнде исрайыл халқын қаладан

жасырын түрде ертіп шығып, Қызыл теңізді бетке алып

қашты.

Көп ұзамай олардың кеткенінен хабар алған

перғауын да әскерін жинап арттарына түсті. Бұл кезде

хазірет Мұса мен халқы қаладан ұзап кеткен болатын.

Әйтсе де перғауынның оларды қуып жетуге шамасы әлі

де болса жеткілікті еді. Өйткені ол сақадай сайланған

әскерлерімен шықса, исрайылдықтар бала-шаға, жас-

кәрісімен, мал-мүлкін алып ілбіп бара жатты. Хазірет

Мұса Қызыл теңізге жақындағанда, арттарынан қуған

перғауынның қалың қолы менмұндалап көрінді.

Олардың аяғынан шыққан қою шаң қара құйындай яки

төніп келе жатқан жауар бұлттай қорқынышты көрінді.

Қатты қорыққан Исрайыл халқы хақ пайғамбарға:

«Қақпанға өзіміз келіп түстік. «Өз көрін өзі қазды»