Previous Page  210 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 210 / 352 Next Page
Page Background

210

Пайғамбарлар тарихы

олар тірі болғанда, хазірет Мұсаның ең жанашырла-

ры сахабалардай сенімді серіктері болар еді. Олардың

имандарының күштілігінен жер жарылып, тау теңселер

еді. Олар хазірет Мұсаның жолында құрбан болуға

әрдайым әзір болатын, тіпті Қызыл теңіздің өзін кешіп

өтуден де тайсалмас еді. «Тиһ»шөлінде ғажайып құстың

етін емес, бір түйір дәнге зар болып, ала бұтаны кеміріп

жүрсе де, асатаяқтан аққан кәусар бұлақтың суын емес,

кенезесі кеуіп, лай суға зар болса да, Пайғамбарымен

кешкен әрбір күнін жаннаттың рахатын бірге көргендей

сезінер еді. Бұл да өз алдына зерттелер жеке тақырып.

Перғауын осы оқиғадан кейін исрайылдықтарға

деген қатігездігін тіпті күшейте түсті. Көп жылдар

бұрын көрген түсіндегі адамның осы Мұса пайғамбар

екендігіне көз жеткізді. Хазірет Мұсаның мұғжизасын

көрген халықтың біразы иман келтіргенмен, көпшілігі

перғауын мен шонжарлардың қаһарынан қорқып

иман келтірмеді. Хазірет Мұса халқына:

«Ей, елім!

Егер Аллаһқа иман келтірсеңдер, сондай-ақ мұсылман

болсаңдар, онда Аллаһқа тәуекел қылыңдар», – деді.

Олар да: «Біз Аллаһқа тәуекел қылдық. Раббымыз, бізді

залым елмен сынама», – деді». Сондай-ақ бізге рақым

етіп кәпір елден құтқара гөр»

286

,

– деп дұға етті.

Хазірет Мұса бұдан кейін Хақтың әмірімен

үйлер салып, сол үйлерде намаз оқып, уағыз-насихат

жүргізіп, халықты дінге шақырды. Бұл үйлер мешіт

болмағанмен, мешіт пен медресенің қызметін атқарды.

Қала халқы сол үйлерге бірден, екіден шақырылып, хақ

дінді үйренді. Көп ұзамай қалада намаз оқитын үйлер

біртіндеп көбейіп, мұсылмандардың саны барған сайын

арта түсті.

286

«Жүніс» сүресі, 84-86