Previous Page  209 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 209 / 352 Next Page
Page Background

209

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

дады. Сосын қулығын асыра түсіп: «Сендер менің

рұқсатымсыз қалайша дәттерің барып Мұсаға иман

келтіресіңдер? Ендеше кім екендіктерің белгілі болды.

Мына Мұсаны сендер ұстаз тұтасыңдар ма? Осы сәтке

дейін осыны жасырып келген екенсіңдер ғой. Олай

болса сендердің көздеріңе көк шыбын үймелетіп,

көресіні көрсетемін. Әлі-ақ «өлтірші» деп жалынатын

боласыңдар өңкей шірік неме!» деп ашуға булықты.

Оның бұл қоқан-лоқысын сиқыршылар қаперіне де

алмады. Жаңа ғана өзін құдай санап жүрген адамы

дәл қазір көздеріне қауқарсыз, бейшара болып елес-

теді. Хазірет Мұсаның ақиқаты оның жалған сенімінің

күлін көкке ұшырды. Олар: «Ей, перғауын! Біз Мұса

пайғамбардың туралығына және бізді жоқтан бар

еткен Раббымызға бұлтартпас сенім келтірдік. Сенің

де жалған тәңір екендігің айқындалды. Сен қолыңнан

келген өнеріңді бізден аяма. Бұлай өлтіргенімде ғой деп,

өкініп қалып жүрме. Сен біздің қолымыздан көп болса

дүниелік өмірімізді ғана аларсың. Ал ақырет ғұмыр,

ондағы мәңгілік бақыт бізге жетеді. Раббымыз біздің

осы күнге дейінгі жасаған күнәларымызды кешіреді

деп үміт етеміз. Мұса пайғамбарға алғашқылардың бірі

болып иман келтіргенімізді мақтан тұтамыз!» – деп

жауап берді.

Сиқыршылардың иман келтіруі айта жүретін

ерекше оқиға болды. Олар хазірет Мұсаның бір

мұғжизасын көрісімен, бірден иман келтірді. Тіпті

олардың имандары «ихсан», яғни әулиелік деңгейдегі

ең терең иман. Олар бір сәтте ең төменгі шыңыраудан

«яқин» иманға бір-ақ шыққан. Хазірет Мұса кейіннен

өз еліне түрлі мұғжиза көрсетсе де, олардың имандары

әлгі сиқыршылардың дәрежесіне жете алмаған. Егер