Previous Page  207 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 207 / 352 Next Page
Page Background

207

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

кендіктен, көруге құмартушылар көп еді. Сиқыршылар

перғауыннан «Егер біз жеңсек, бізге қандай сыйлық

бересің?» – деп сұрап еді, перғауын: «Менің ең жақын

адамыма айналасыңдар. Сендерге осы елдегі ең

жоғарғы лауазымды беремін», – деп уәде берді. Аналар

көңілдері көтеріліп, перғауын үшін аянбай тер төгуге

тырысты. Алаңда сиқыршылар бір жақта хазірет Мұса

жалғыз өзі бір жақта тұрды. Олар Мұса пайғамбардан

«Кім бірінші бастайды?» деп сұрап еді ол, «Алды-

мен сендер бастаңдар» деп жауап қайтарды. «Сонда

олар арқандары мен таяқтарын тастап: «Перғауынның

ұлылығының арқасында біз жеңіске жетеміз» десті.

Олардың тастаған арқандары мен таяқтары алаңда

жылан болып көрініп, ирелеңдеп ысылдай бастады.

Сол жерге жиналған елдің бәрі оларды жылан деп

ойлап таңырқай қарасты. Хазірет Мұсаның көңіліне

осы сәтте қобалжу пайда болды. Хақ тағаладан оған:

«Қорықпа! Сен үстем боласың» деген уахи келді. Яғни

«Ей, Мұса! Көңілің қобалжып, қорқушы болма! Өйткені

олардың жылан деп көрсеткендері жылан емес, жалған

көз бояушылық қана. Ал сенің жыланың – ақиқат.

Жалғанды қашан да ақиқат жеңеді. Олар сиқыршы, ал

сен пайғамбарсың».

Хазірет Мұса осы уахидан соң көңілінің

абыржығаны басылып, қолындағы аса таяғын тастап

жіберді. Сонда ол шынайы әб жыланға айналып

сиқыршылардың жыландарын әп сәтте бір-бірлеп

жұтып бітірді де, Мұса пайғамбарға жақындап келіп

аса таяққа айналып шыға келді.

Перғауынның әзірлеген сиқыршылары осал емес

еді. Сол заманда Мысыр елінде сиқырлық кең тараған

еді. Ал алаңға шыққан сиқыршылар солардың сорпа