203
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
«Ей, Мұса! Саған не болған? Кеше ғана сарайда өскен
бала едің. Бүгін келіп маған ақыл айтып тұрсың ба?
Біз сені құндақтағы сәби кезіңде сандықпен бірге ағып
бара жатқан жеріңнен тауып алып, осы сарайда өсірген
жоқ па едік? Сен осы жердің суын ішіп, нанын жеген
жоқсың ба? Енді келіп бәрін жоққа шығарып тұрсың.
Ол аз болғандай менің халқымнан бір адамды өлтіріп,
қашып кеткен жерің тағы бар», – деп сұрақ жауды-
ра бастайды. Хазірет Мұса да оның сөздерін асықпай
тыңдап: «Мен ол кісіні қасақана өлтірген жоқпын. Бар-
жоғы біреуді өлтіргелі жатқанда, араша түсіп, пейілі-
нен қайтпаған соң, әрі кетсін деп жұдырықпен түйгенім
ғана. Ал қашқанымды сұрайтын болсаң, мені шақырып
істің мәніне бармай сыртымнан өлім жазасына
бұйырғандарыңды естіген соң амалсыз қаладан кетуіме
тура келді. Одан кейін маған Раббым ілім мен хикмет
дарытумен бірге пайғамбарлық міндетін жүктеді. Мен
осы уазипамды орындау мақсатымен сенің алдыңа
келіп тұрмын. Менің міндетім дінді жеткізу ғана. Арғы
жағы өз ықтиярыңда.
Әй, Перғауын! Сен мені сарайда өсіріп, тәрбиеледік
дейсің. Сен өзің исрайыл халқын жапа шектіріп,
ауыр жұмысқа салып, ерлерін құл, әйелдерін күң
қылдың. Ол аз болғандай жаңа туған сәбилерді жаппай
қырғыздың. Сондықтан Хақ тағаланың жәрдемі мен
хикметінің арқасында сарайда өстім. Болмаса, сенің
сарайыңда менің нендей шаруам бар? Ата-анам
мені тәрбиелеуде қауқарсыз қалды деймісің? Сенің
зұлымдығың болмағанда, анам өз баласын суға ағызып,
сарайыңда өсіруге ризалық танытар ма еді? Сенің
сарайыңдағы ішкен суым да, жеген наным да сол жерге
исрайылдықтардың аққан қара терімен, ауыр бейнеті-