200
Пайғамбарлар тарихы
кел! Оны әуелгі қалпына келтіреміз»,
–
деді. Бұл жы-
ланнан хазірет Мұсаның өзі шошығанына қарап, оның
қандай жылан екенін көз алдыңызға елестете беріңіз.
Хазірет Мұса Хақ тағаланың сөзінен кейін қорқынышы
басылып, жыланды ұстай алғаны сол еді, ол баяғы қой
қайыратын асатаяғына айналды.
«Қолыңды қойныңа
тық. Мінсіз күйде аппақ болып шығады»
280
.
Хазірет
Мұса қолын қойнына тығып, қайта алып қалып еді,
қолы аппақ болып жарқырап шыға келді. Хақ тағала
Мұсаға: «Ей, Мұса! Осы екі мұғжиза – перғауынға да,
адамдарына да Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар тым
шектен шықты», – дейді. Хазірет Мұса:
«Я, Раббым!
Көңілімді кеңейтіп, ісімді жеңіл ет! Олар сөзімді
жақсы түсіну үшін, менің тұтықтығымды жаза гөр.
Я, Раббым! Туысым Харунды маған уәзір әрі көмекші
етіп бер. Һәм ол маған қарағанда сөзге әлдеқайда
жүйрік. Оларға жүйелі сөз айта алмай қаламын ба деп
қорқамын. Оның үстіне олардың бір адамын байқамай
өлтіріп алғанмын. Харунды менімен бірге пайғамбар
етіп жібер. Оны менің міндетіме ортақ қылатын
болсаң, Сені көп еске алып, пәктейміз»
281
,
– дейді.
Кейбір деректерде хазірет Мұсаның тілі жас кезін-
де шоққа күйіп, тілі қатты мүкістеніп қалған деген
сөздердің негізі жоқ. Өйткені пайғамбарлық міндетте
ешқандай кемістік болмауы шарт
282
.
280
«Таһа» сүресі, 14-24; «Қасас» сүресі, 31-32
281
«Таһа» сүресі, 25-33
282
Мұса пайғамбардың тілінде сәл ғана тұтықпалық болған.
Алайда Перғауынға барар алдындағы Аллаһтан тілеген оның
дұғасы қабыл болып, кейіннен әдемі әрі шешен сөйлейтін
болған (Қараңыз: У. Зүһәйли, Тәфсирул-мунир. Таһа сүресінің
25-аятының тәпсірі)