Previous Page  199 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 199 / 352 Next Page
Page Background

199

Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)

Мен – әлемдердің Раббы Аллаһпын»

.

«Кебісіңді шеш»

деп үн қатты»

278

.

Хазірет Мұса дереу аяқ киімін шешіп үнсіз тыңдай

қалды. Баяғы «жанған от» деп келгені от емес илаһи

нұр екендігін аңғарып, бұл дауыстың Хақтан келгені-

не көзі жетті. Илаһи дауыс әрі қарай жалғасты:

«Сені

таңдадым. Енді уахи етілгендерді тыңда. Рас, Мен

Аллаһпын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан Маған

құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске алуың үшін намаз-

ды толық орында. Қиямет күні сөзсіз келеді. Қияметке

сенбей, өзінің нәпсісіне ергендер саған кедергі жасап

жүрмесін. Болмаса, сен де құрисың. Әй, Мұса! Оң

қолыңдағы не нәрсе? (Мұса): «Бұл – менің таяғым.

Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып

беремін, әрі онымен басқалай істер де істеймін»

279

,

дейді.

Адам баласы қашанда өзіне ұнаған адаммен кез-

дескен шақта, онымен көбірек тілдесіп қалғысы келеді.

Бұл жерде де хазірет Мұса ғаламзаттың Раббысымен

тілдескен кезде, бір аса таяқтың өзін жыр қылып айта

бергісі келді. Һәм Хақ тағала

«Оң қолыңдағы не нәрсе?

»

деп оның кәдімгі таяқ екендігіне назар аудартуда.

Хазірет Мұса да оның расында ағаштан жасап алған

аса таяқ екендігін ашық баян етеді. Осы кезде Аллаһ

тағала:

«Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяқты жерге

таста!»

дейді. Хазірет Мұса оны жерге тастап жі-

бергенде, кәдімгі жай таяқ улы жыланға айналып шыға

келеді. Түр-түсі сұп-суық оқ жыландай ысылдап хазірет

Мұсаның өзін шошытты. Тіпті ол қорқып қашты да. Хақ

тағала сонда:

«Оны қайта қолыңа ұста, қорықпа. Бері

278

«Қасас» сүресі, 30

279

«Таһа» сүресі, 13-17