Previous Page  202 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 202 / 352 Next Page
Page Background

202

Пайғамбарлар тарихы

бет бұрғандарға азап болатындығы уахи етілді», –

деңдер»

284

,

дейді.

Бұл іс тіпті пайғамбар үшін де оңайға соқпайтын

еді. Өйткені алдарында бір елдің өзін «құдай» санап

айдаһардай ақырған залым перғауын бар. Оның са-

райына аяқ астынан барып, дінге шақыру, өз басын

бәйгеге тігу деген сөз. Оның үстіне перғауынға адам

өлтіру, әсіресе, исрайылдық бір дұшпанын өлтіру

түкке тұрғысыз еді. Әрі көп жылдан бері өлтіргісі кеп,

қуғындап ұстай алмай жүрген адамы осы Мұса бола-

тын.

Әйтсе де хазірет Мұса мен Харунның қорыққаны

өлім емес, өздеріне берілген ауыр аманат еді.

Пайғамбарлардың қорқып уайымдайтын бір-ақ нәрсесі

бар. Ол – пайғамбарлық міндет. Егер олар табан ас-

тынан ажал құшса, өз міндетін толық орындай ал-

майтын еді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

: «Қоштасу қажылығында» үмбетіне: «Сен-

дерге пайғамбарлық міндетімді толық орындап, дінді

қалтқысыз жеткіздім бе?» – деп үш рет сұрауы осының

белгісі.

Бірақ әр қандай пайғамбар әсте міндетін толық

орындап болмай, бұл өмірден көшпейді. Өз уазипасын

іске асыру жолында, аспан төңкеріліп, жер жарылса да,

оған титтей кедергі келтіре алмайды. Өйткені кепілдікті

«Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін, көремін»

деп Хақ тағала береді.

Хазірет Мұса бауыры Харунмен бірге перғауынның

сарайына барып оны хақ дінге шақырып, туралықты на-

сихаттады. Ол перғауынға сыпайы тілмен сөйлеген соң,

перғауын да оған ашу шақырмай әңгімелесе бастап:

284

«Таха» сүресі, 45-49