201
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
Хақ тағала:
«Ей, Мұса! Тілегің қабыл болды. Туысың
арқылыбілегіңді күшейтіп, екеуіңеоларшамасыкелмей-
тін күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де, сендерге
ергендер де жеңіске жетесіңдер». «Екеуің перғауынға
барыңдар, өйткені ол шектен шыққан. Оған сыпайы
түрде жұмсақ тілмен сөйлеңдер, мүмкін сөздеріңе
сонда ғана құлақ асар яки қорқар»
283
,
– дейді.
Дінді қоғамға немесе жеке тұлғаға уағыздау бары-
сында сыпайы да, көркем тілмен жеткізу қажет. Бұл
тәблиғ, яғни дінді жеткізудің негізгі қағидасы. Егер
бір қоғамда дінді насихаттаушылар Хақ тағаланың осы
жарлығы мен белгілеген ережесі арқылы елді дінге
шақырмай, керісінше, дөрекі түрде, қатты-қатты баты-
рып айтатын болса, онда олар сол міндетті орындамақ
тұрмақ елді діннен бездіруі де кәдік. Атам қазақтың
«Жылы-жылы сөйлесе, жылан іннен шығады, қатты-
қатты сөйлесе мұсылман діннен шығады» деген мақалы
осыдан қалса керек.
Хақ тағала хазіретМұсаға Харунға қатысты «тілегің
қабыл болды» деген сәтте, Харунға уахи келіп, ол да
пайғамбар болған еді. Олар Мысырда жолықты. Еке-
уара залым перғауынға ақиқатты айтар күнге сақадай
сай болса да, «Не болар екен?» деген уайымдары жоқ
емес-тұғын. Олар Аллаһ тағалаға:
«Раббымыз! Оның
өктемдік қылуынан яки шектен шығуынан қорқамыз»,
– деп дұға етеді. Хақ тағала: «Қорықпаңдар! Сен-
дермен біргемін. Естимін, көремін. Екеуің барып: «Біз
Раббыңның саған жіберген елшісіміз; ал енді Исрайыл
ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Енді оларды қинама,
саған Раббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік
тура жолдағыларға болсын. Бізді жоққа шығарып,
283
«Қасас» сүресі, 35; «Таһа» сүресі, 43-44