196
Пайғамбарлар тарихы
мүлде бейхабар еді. Ол ойға батып тұрғанда, қаланың
өте лауазымды ақсүйек бір адамы келіп: «Ей, Мұса!
Сарайдағылар сені өлтіруге шешім шығарды. Бұл
қаладан тез кетпесең, өлім құшасың. Мен саған қамқор
адамның бірімін», – дейді. Хазірет Мұса қаладан
өте сақтықпен шықты да:
«Я, Раббым! Мені қатігез
елден құтқара гөр!»
–
деп
271
дұға етті. Жолда қаладан
ұзап кетіп бара жатып:
«Раббымның маған тура жол
көрсетуін үміт етемін»
272
,
– деп күбірлейді.
Бұл істе Хақ тағаланың хикметі бар еді. Өйткені
ол Мәдиянға барып, хазірет Шұғайып пайғамбардан
дәріс алып, сол жақта пайғамбарлыққа әзірлік жасап
келуі қажет болатын. Күндердің бір күні пайғамбарлық
келген кезде, Мысырға қайта оралып перғауын мен
оның халқын хақ дінге шақыруы тиіс-ті
273
.
Хазірет Мұса сахарада ұзақ жүріп, бір кезде
Мәдияндағы судың жанына келіп аялдады. Бір топ адам
осы суға мал суғарып жатты. Бергі шетте екі қыз мал-
дарын суға жолатпай қайырып тұр екен. Мұса ол екеуі-
не: «Екеуің неге тұрсыңдар? Елдің бәрі малын суғарып
жатқан жоқ па?» – дейді. Екі қыз: «Мына малшылар
малдарын суғарып кеткенге дейін, біз малымызды
суғара алмаймыз. Үйде жалғыз кәрі әкеміз ғана бар.
Бұған әкемізді қалай жұмсаймыз?» – деп ибалықпен
жауап береді. Хазірет Мұса қатты қалжырап тұрса
да, дереу екі қыздың малын айдап әкеп суғарып, суға
қанған соң, алдарына салып берді. Бұл екеуі хазірет
Шұғайыптың қыздары еді. Одан кейін бір ағаштың
көлеңкесіне саялап отырып, Хақ тағалаға қол жайып:
271
«Қасас» сүресі, 21
272
«Қасас» сүресі, 22
273
Сабуни. Нубууә, 247-бет