193
Мұса мен Харун пайғамбар (а.с.)
жұмыстарға салды. Олар сол жерден қашып шығып,
бұрынғы қасиетті жерлеріне баруға қаншама рет тал-
пыныс жасаса да, ойлағандары іске аспады. Сөйте
тұра, олар дүниеге әбден құнығып, хазірет Жақыптың
әкелген дініне аса көңіл бөлмеді. Олар мысырлықтар
сияқты өгізге табынып кетпесе де, солардың сенімдері
саналарына әсер ете бастады.
Бір күні перғауын түс көрді. Түсінде Құдыс жақтан
лапылдап келген бір от мысырлықтарды өртеп күлге ай-
налдырса да, Исрайыл халқына титтей де әсер етпейді.
Ол түсінен шошып оянып, сәуегейлерін шақырып істің
мәнісін сұрайды. Олар: «Жақында Исрайыл ұрпағынан
бір ұл бала дүниеге келеді. Ол сенің патшалығыңды күл-
талқан етеді», – деп жориды. Перғауын осыдан кейін
дереу әр бір Исрайыл отбасында туылған ұл балаларды
өлтіруге бұйрық шығарды. Исрайыл елі бұл қатігездікке
қарсы тұрар ешбір амал таба алмай қиналды.
Перғауын осылай жаңа туылған ұл балаларды
өлтіртіпжатқанда,Имрандегенбіркісініңшаңырағында
ұл бала дүниеге келді. Ол Мұса пайғамбар еді. Хақ
тағала нәсіп етіп, оның анасының жүкті болғанын,
артынша босанып, ұл бала тапқанын ешкім білген
жоқ. Хазірет Мұсаның анасы «біреу-міреу көріп қояр
ма екен» деп күні-түні мазасы қашты. Осы кезде Хақ
тағала оған:
«Бір нәрсе болады деп қорықсаң, оны еміз
де дарияға тастап жібер. Қорықпа да күйінбе! Расын-
да, оны саған қайтарамыз да пайғамбар қыламыз»
266
,
–
деп аян береді. Оның анасы осы аяннан соң, баласын
құндақтап, сандыққа салып, Ніл өзеніне қоя береді.
Сандық судың бетімен аққан бойы перғауынның
сарайының алдынан өтіп бара жатқанда, оның адам-
266
«Қасас» сүресі, 7