Previous Page  190 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 190 / 352 Next Page
Page Background

190

Пайғамбарлар тарихы

кенбеген хазірет Шұғайып: «Райдан қайтқымыз кел-

месе діндеріңе қинап кіргізбексіңдер ме? Егер Аллаһ

тағала бізді қараңғылықтан құтқарып, нұрға бөлеген

соң қайта өткенге оралсақ, онда біздің кім болғанымыз?

Жаратқанның сөзін жоққа шығарған адам нағыз

қарабет болмай ма? Қара басқан соң екі өмірде оңа ма?

Шыңыраудан шыға алмай шарқ ұрып қиналмай ма? Уа,

жұртым! Қолдарыңнан келгенін істеп қалыңдар. Мен де

өз міндетімді қалтқысыз атқарамын. Ал азаптың кімге

келіп, кімнің өтірікші екендігін көп ұзамай білерсіңдер.

Бұдан былай бастарыңа келетін апатты күтіңдер. Мен

де сендермен бірге күтуге дайынмын»

258

, – дейді.

Ақырында күткен азап та келіп жетті. Аспан айна-

лып жерге түскендей аптап ыстық болатын. Осы кезде

ұзақтан қою қара бұлт көрінді. Барша кәпір қауым оны

нөсер әкелетін бұлт деп ойлап, көңілдеріне қуаныш

ұялады. Аздан соң күткен бұлт жөңкіліп келіп, елдің

төбесінде тұрып алды

259

. Бірақ жауын жауғанның

орнына бұлттан ыстығы жер қуырған жалын шықты.

Жұрт бытырап қашып үйлеріне тығылды. Алайда

үйлері де пана болмаған адамдар бейне күннің жанында

тұрғандай денелері күйе бастады. Құрандағы «көлеңке

күннің азабы»

260

деген осы азап, оларды жерден қазған

ұраларға кірсе де, қинап, мазаларын әбден кетірді.

Көп ұзамай қала үстінде жан шошырлық ащы дауыс

естіліп, оны естіген кәпірдің бәрі жан тәсілім болды

261

.

Хазірет Шұғайып пайғамбарды мазақ етіп, сөзін

жоққа шығарғандар жер бетінен мүлде жоғалып кетті.

258

«Һұд» сүресі, 93

259

Таббара, Маал-әнбия фил-Қуран. 205-бет

260

«Шұғара» сүресі, 189

261

«Ағраф» сүресі, 91