186
Пайғамбарлар тарихы
қатынаста да бір-бірлеріне деген сенімін жоғалтты.
Мәселен, сауда жасау барысында бір-бірін алдап соғу,
әсіресе, зат алғанда артығымен алып, бергенде таразы-
ны кем тартып, сол арқылы пайда табу қоғамда белең
алды. Әр адам қарақан басының пайдасын ғана ойлап,
күн өткен сайын адамгершіліктен алыстай берді. Осын-
дай жағдайда Шұғайып (а.с.) оларға пайғамбар ретінде
жіберілді.
Мәдиян халқы негізінен арабтардан құралған бо-
латын. Шұғайып пайғамбар (а.с.) тілге өте шешен кісі
еді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде ол
туралы «
Пайғамбарлардың ең сөзге шешені
»
251
дейді.
Шұғайып пайғамбар оларға жылы сөздермен дін
уағыздады:
«Уа, халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық
қылыңдар. Сендердің Одан өзге ешбір тәңірлерің жоқ.
Сондай-ақ өлшемнен, таразыдан жегенді қойыңдар.
Расында, қазір молшылықтасыңдар. Бұлай кете
берсеңдер, азапқаұшырайтынкүнненқорқамын»
252
. Хақ
пайғамбар оларды туралыққа шақырып: «Уа, халқым!
Өлшегенде, есептегенде, дәлдіктен таймаңдар, кісі
ақысын жемеңдер! Сондай-ақ жер жүзінде бүлік
шығармаңдар. Егер мүмин болсаңдар, сендерге Аллаһ
тағаланың берген адал нәрсесі қайырлы. Мен тек
сендердің жақсылықтарыңды ойлағандықтан наси-
хат айтамын. Әйтпесе сендерге күзетші емеспін»
253
, –
деді. Егер осы жасаған істерінен бас тартпайтын болса
көп ұзамай бастарына ауыр азап келетінін һәм сол апат
келген кезде, ешбір адам өзін де, дүниесін де, тіпті
251
Замахшари, әл-Кәшшаф, 2/118-бет
252
«Һұд» сүресі, 84
253
«Һұд» сүресі, 85-86.