Previous Page  181 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 352 Next Page
Page Background

181

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

Жүсіп пайғамбардың «Жүсіп» сүресіндегі қиссасын

оқып отырсаңыз осы көйлек-жейде үш жерде кездеседі.

Хазірет Жүсіптің құдыққа тасталу кезіндегі көйлегі,

Зылиханың жыртқан көйлегі және әкесіне жіберген

көйлегі. Ендеше бұл да өз алдына зерттелсе артық ет-

пейтін тақырып.

Олар аманатты алып жолға шыққанына көп уақыт

өткен жоқ. Бірақ сонау Канған еліндегі хазірет Жақып

жылағанын қойып, жаны жадырап сала берді. Отбасы

мүшелері мен халық оның мына қылығын таңырқай

қарады. Хазірет Жақып оларға: «Дәл қазір менЖүсіптің

иісін сезіп тұрмын. Мені алжып есінен айырылды деп

ойлап жүрмеңдер. Әлі-ақ көздерің жетеді», – дейді. Де-

генмен халық: «Сен әлі де бұрынғы ойыңнан қайтпай

қателесіп тұрсың. Сол Жүсіп бала күнінде өліп кеткен

жоқ па еді?» – дейді.

Жақып пайғамбардың сонау Мысыр жақтағы

баласының көйлегінің иісін сезуі мұғжиза болумен

қатар, оның ғылымға да берер кейбір ақиқаттары

бар болуы мүмкін. Ғұлама Елмалылы тәпсірінде осы

туралы айта келе, иістің ауа арқылы жетуінде осыған

қатысты бір заңдылық бар. Егер осы заңдылықты та-

батын болса, ұзақтан адамдар бір-бірлеріне иісті де,

соған ұқсас заттарды да жіберуі мүмкін дейді

245

. Осыны

ғалымдар зерттеп табуы қажет.

Тақырыпқа қайта оралсақ, көп ұзамай керуен де

келіп жетті. Керуен тоқтағанда, Яһуда жүгірген бойда

сүйінші сұрап, әкесіне көйлекті ұстатты. Әкесі көйлекті

көзіне тигізгені сол екен, қос жанары шайдай ашылды.

Жақып пайғамбар Хақ тағаланың осы жақсылығына

мадақ айтып, шүкіршілік білдірді. Ал он баласы әкесінің

245

Елмалылы, 4-том, 2920-бет