176
Пайғамбарлар тарихы
Олар кеткен соң он ағасы сол жерде бір-бірлеріне
қарап жүрер-жүрмесін білмей дағдарып тұрып қалады.
Аздан соң өзара ақылдаса бастайды. Үлкен ағалары
Яһуда осы кезде: «Мен әсте елге қайтпаймын. Бұдан
былай әкеміздің жүзіне қарайтын менде бет қалған
жоқ. Әуелде Жүсіпті қорғаймыз деп уағда етіп едік.
Оны әдейілеп көзін жойдық. Енді Бунияминды аман
ертіп баруға серт берген едік. Оның жағдайы мынадай
болды. Енді елге не деп барам? Әкеме осы жайды не
деп түсіндіремін? Сондықтан әкем рұқсат бергенге яки
мен үшін Аллаһ бір үкім еткенге дейін, осы жерден әсте
айырылмаймын. Аллаһ үкім берушілердің ең жақсысы.
Бірақ сендер елге барып болған жайды әкемізге қаз-
қалпында баян етіңдер. «Қалай болғанын білмей-
міз. Әйтеуір сол күміс кесе балаңыздың қоржынынан
шықты. Сенбесеңіз, қала халқынан яки керуендегі
кісілерден сұраңыз», – деп айтыңдар», – деді де, оларды
шығарып салып, өзі сол жерде қалып қояды.
Яһуданың шыдамы осы жерге дейін жеткен еді.
Оның ар-ожданы һәм ішкі иманы оның жанын қанша
жылдан бері тергеп, қажап мазалап келеді. Ол інісі
Жүсіпке әсте жамандық ойлағысы келмеген болатын.
Бірақ осы тоғыз інісінен аса алмаған еді. Ол сол кез-
дері інісі Жүсіпті өлтірмейік деп қарсы шыққанда,
бәрібір тоғызы бұған көрсетпей, оны өлтіріп тынатын
еді. Сондықтан амалсыз солардың бірі болып көрініп,
Жүсіпті аман алып қалудың жолын күні бойы ойлап,
ақырында, оларға «өлтірмейқұдыққа тастайық»деп ебін
тауып сөзін өткізген болатын. Кейіннен сол құдықтан
өтіп бара жатқан керуеннің інісін тауып алып, құлдыққа
сату үшін алып кеткенінен де хабардар болған. Бірақ
одан арғы тағдыры қалай болғанын білмейтін. Ақымақ