Previous Page  171 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 352 Next Page
Page Background

171

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

бар шығар?» – деп сұрап еді олар: «Иә, екі ініміз бар.

Бірақ үлкені балалық шағында дүниеден озды. Кіші

ініміз болса, қазір әкеміздің жанында. Сол кісіге бас-

көз болып қалып қойды», – деп жауап береді. Хазірет

Жүсіптің жүрегі елжіреп, сонау жылдары ағаларының

көйлегін зорлықпен шешкізіп құдыққа тастап жатқан

сәттері көз алдына көлбеңдеп келе қалды. Иә, бәрі

де күні кеше ғана болған тәрізді. Бала күнінде осы

ағаларымұны бауырына қатты басатын. Әкесі өзгелерге

қарағанда тіпті жақсы көретін. Сондықтан ағаларының

қызғанышы қозып, сол қызғаныш өшпенділікке ұласты.

Мұны жақсы көріп еркелетудің орнына шеттетуді

шығарды. Інісі Бунияминге де солай қарай бастады.

Әкесінің көзінше болмаса, бұл екеуіне ойыншықтарын

да бермейтін. Әкесі жоқта еліктің лағындай ерке інісін

өзі ойнатып, тамағын беріп, киімін кигізетін. Ол інісі-

не бар мейірімін көрсеткенмен, ағаларының жылы

алақанын көре алмады. Иә, сөйтіп жүргенде бір күні

аяқ астынан: «Сен біздің ең сүйкімді інімізсің. Бүгін біз

тау жаққа сен үшін әдейілеп сейіл құрып, ойнауға бара

жатырмыз. Ал, қанеки, жолға әзірлігіңді жаса!» деп қу

түлкідей жымыңдап жетіп келгені. Бұрын-соңды бұлай

іш тартқанын көрмеген бала Жүсіп қатты таңырқаса да,

дереу інісін ойлап: «Буниямин ше, ол да бізбен барады

ғой. Солай ма?» – деген еді. Ағалары «Жоқ, ол әлі жас

бала ғой. Күн өтіп, науқастанып қалса, әкемізге не

дейміз? Әлі-ақ күн ертең өсіп сендей үлкен болғанда

барады», – деп жұбату айтты. Алайда бала Жүсіптің

қуанышы ұзаққа созылмады. Елсіз жатқан меңіреу

далаға барғанда, бір құдықтың ішіне әй-шайға қарамай

көйлегін сыпырып алып жалаңаш тастап жібереді.

Құдыққа түсіп бара жатқанда, соңғы рет ағаларының