166
Пайғамбарлар тарихы
Нан жабушы олардың айтқанына амалсыз көнді, ал
шарап құюшы келіспеді. Бірақ патша ниеттерін біліп
қойып, екеуін де зынданға тастатты.
Олар бір күні зынданда жатып түс көріп, көрген
түстерін Жүсіпке (а.с.) айтып, жорып беруін өтінді.
Біреуі: «Мен түсімде шарап құйып жүргенімді көрдім»,
– десе, екіншісі «Мен түсімде төбеме нан көтеріп жүр
екенмін. Оны құстар шоқып жеп жүр екен» дейді.
Жүсіп (а.с.) олардың түсін жорудан бұрын оларды
иманға шақырып, ақиқат дінді насихаттады. «Мен Хақ
тағаладан жіберілген пайғамбармын. Менің міндетім –
адамдарды тура жолға салу. Сендердің менің бойым-
нан көрген түс жору және жақсылық жасау сипаты
– пайғамбарлық сипат. Сондай-ақ бұлардан басқа
отбасыларың жіберген тамақтарды сендерге келмей
жатып, қандай тамақ екенін, тіпті дәмін, мөлшерін де
айтып бере аламын. Осының бәрі – Раббымның маған
берген ілімдердің бір бөлігі. Мен осылар арқылы адам-
дарды тура жолға шақырамын», – дейді.
Одан соң Хақ пайғамбар оларға өзінің зынданға
түсуінің себебін ұзын сонар түсіндіре келе: «Мен иман-
сыз елден жырақ кеткім келді. Егер айтқандарын істе-
генімде, мен де солар сияқты иманнан жұрдай болар
едім. Мен олардан бет бұрып, аталарым Жақып, Ысқақ,
Ибраһимнің дініне мойынсұндым. Осының бәрі – маған
берілген Хақ тағаланың шарапаты», – дейді.
Хазірет Жүсіп екі жігітке осылайша дінді түсіндіре
бастағанда, сол зынданда жатқандар оған жақындап
келіп сөздеріне құлақ түре бастады. Тіпті кейбірі
жылы шыраймен дінге қатысты сауал тастап үлгерді.
Ақырында хазірет Жүсіп оларға:
«Уа, менімен бір
қапастағы жолдастарым! Бөлек-бөлек тәңір жақсы