165
Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар
бірге болуды қаладым. Алайда ол менен қашып, ар-
ұятын қорғады. Бірақ мен мұнымен ғана шектелмеймін.
Өз дегеніме жетпей тынбаймын. Ал осыған көнбесе,
зынданға тастатып, сол жерде сүйегін шірітемін»
233
, –
деп өз арам ойын ашық айтты. Осыдан соң Зылиха сол
ақсүйек әйелдерді де араға салып, Жүсіпті көндірмек
болды.АқырсоңындаЖүсіп(а.с.)Зылихаданқұтылудың
бір-ақ жолы бар екендігін білді. Ол Хақ тағалаға қол
жайып:
«Раббым! Бұлардың мені істеуге мәжбүрлеген
әрекетінен маған зындан әлдеқайда артық. Егер мені
бұл әйелдердің сұрқия қылықтарынан құтқарып, басқа
жаққа алып кетпесең, надандардың бірі боламын»
234
,
–
деп дұға тіледі.
Зылиха бұл кезде оны өзіне баурау үшін сан-қилы
айла-тәсілдерін аямай жұмсап жүрген еді. Бірақ ешбір
нәтиже шықпады. Бір күні оның көнбейтініне көзі
жеткен соң, зынданға тастатып қорқытпақшы болды.
Күйеуіне тағы бір рет шағымданып: «Бұл жігіт мені ел-
жұртқа әбден масқара етті. Бұрқыраған өсекке қалдым.
Бұған қалай төзуге болады? Одан да сен осы баланы
зынданға дереу тастап, барлық пәледен құтылайық.
Осы айтқанымды істе», – дейді. Китфир дереу жендет-
терін шақырып, оны зынданға тастатты.
Жүсіп (а.с.) қараңғы қапасқа қамалысымен, көңілі
жай тауып жадырап сала берді. Жүсіп үшін сайқал
Зылиханың қасында жүргеннен гөрі қараңғы зынданда
жату әлдеқайда жеңіл еді. Сол күні зынданға онымен
бірге екі жасжігіт қамалды. Олардыңбірі патшаныңнау-
байшысы да, ал енді бірі шарапшысы болатын. Патшаға
қас адамдар оларды патшаға у беруге мәжбүрлеген еді.
233
«Жүсіп» сүресі, 32
234
«Жүсіп» сүресі, 33