Previous Page  168 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 168 / 352 Next Page
Page Background

168

Пайғамбарлар тарихы

айтып: «Түсімде жеті семіз сиырды жеті арық сиыр

жеп жатқанын және жеті жасыл сабақ пен жеті қураған

сабақ көрдім. Қане, осы түсімді жорып беріңдер», –

дейді. Уәзірлері оның түсін жори алмай: «Патшам!

«Түс – түлкінің боғы» деген. Бұл көрген түсіңіз шым-

шытырық мәнсіз түс екен», – деп жалтарады.

Дегенмен бұлардың сөзіне патша сенбейді. Күн

өткен сайын «Бұл түстің астары не екен?» деп терең ойға

бататын. Патшаның осы түсі туралы сарайдағылардың

бәрі де естіген еді. Солардың арасында баяғы шарап-

шы жігіт те бар болатын. Сол түсті естіген заман оның

есіне зынданда жатқан баяғы жолдасы сап етіп түсе

кетті. Ол қуанғаннан патшаға жүгіріп барып: «Патшам!

Сізге түсіңізді қалай жоруды айтып берейін бе?» – деп

сұрайды. Патша: «Айта ғой», – дейді. Шарапшы: «Мені

дереу зынданға жіберіңіз. Сол жерде бірге жатқан

Жүсіп деген серігім бар. Сол түсті жақсы жориды»,

– дейді. Патша оны зынданға жібереді. Ол зынданға

барып:

«Әй, шыншыл әрі ардақты досым Жүсіп! Бізге

мына күрделі түсті жорып берші: Жеті семіз сиырды

жеті арық сиыр жеп жатыр. Сондай-ақ жеті жасыл

сабақ пен жеті қураған сабақ». Жақсы жорысаң, кере-

кті адамдарға барып білдірем, олар естіп, шындықты

әрі сенің қадіріңді білсін» дейді. (Жүсіп): «Жеті жыл

әдеттегіше егін егесіңдер. Бірақ аздап жейтіндеріңді

ғана алып, қалғанын сабағымен сақтап қоярсыңдар.

Тағы бұдан кейін жеті жыл қуаңшылық болады. Сол

кезде тұқымға ғана аздап алып сақтап, бұрынғы

жинағандарыңды түгелімен жерсіңдер. Ал бұдан кейін

молшылық бір жыл келеді: ол кезде халық жауынға