Previous Page  169 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 352 Next Page
Page Background

169

Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар

қарық болады, жемістердің суын сығып, малдарды

сауады»

236

,

– дейді.

Оның сөздерін тасқа жазғандай жаттаған шарап-

шы шауып отырып тікелей патшаның өзіне барып

мән-жайды баян етеді. Патша да осындай бір нәрсені

іштей сезген болатын. Хазірет Жүсіптің түсті бұлай

жорығанына қарап қатты таңырқады. Ол дереу сол

адамды құзырына алып келуге шабарманын жұмсады.

Хазірет Жүсіп әлгі шабарманға: «Мен жазықсыз екенім

тайға таңба басқандай анықталып, ақталмай бұл жерден

шықпаймын. Қолдарын пышақ кескен әйелдердің

мақсаттары не еді? Патша солардан сұрап мән-жайды

анықтасын. Менің Раббым сол әйелдердің халдерін

және менің кінәсіздігімді біледі. Бірақ мен патша мен

елдің тегін осы ақиқатты білуін қалаймын», – деп жауап

береді.

Хабарды естіген патша қолын кескен ақсүйек

әйелдер мен Зылиханы шұғыл алдыртып мән-жайды

анықтай бастайды. Әйелдер: «Құдай сақтасын! Біз

Жүсіпке ешбір жамандық жасамадық. Оның да бізге

зәредей жамандық жасағанын көрмедік», – дейді.

Тығырыққа тірелген Зылиха көзіне жас алып: «Сірә,

ақиқат істі жасырып болмас. Мен көңілім қатты ауып,

Жүсіпті өзіме баурамақ болдым. Алайда ол маған

жақындаудың орнына, менен ат басын ала қашты. Жүсіп

– күмәнсіз шыншыл адам»

237

, – деп кінәсін мойындай-

ды.

Патша сол жерде Жүсіп пайғамбардың кінәсіз

екендігін жариялап, оны сарайға шақыртты. Сонда ғана

хазірет Жүсіп зынданнан шығып сарайға келді. Патша

236

«Жүсіп» сүресі, 46-49

237

«Жүсіп» сүресі, 51