175
Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар
алған жоқпыз. Бізге сонша құрмет көрсетіп, жылы пейіл
танытқан мырзаға қалай опасыздық жасамақпыз? Оның
үстіне біз пайғамбардың баласымыз», – деп ағынан жа-
рылады. Шабарман: «Егер күміс кесе біреуіңнен та-
былса, шариғаттарың бойынша қандай жаза беріледі?»
деп сұрайды. Олар: «Қай жүктен кесе табылса ұры сол
болғаны. Сондықтан оның жазасы ұрланған кесенің
иесіне бір жыл қол қусырып қызмет етеді», – деп
жауап береді. Шабарман жүктерді тексеріп жүріп,
Бунияминнің қоржынынан күміс кесені тауып алады.
Осыған куә болған он ағасы не істерін білмей сасады.
Осы кезде хабар жіберіліп хазірет Жүсіп те келеді. Олар
Жүсіп пайғамбарға ақталып: «Егер Буниямин ұрлаған
болса, таңданатын түгі жоқ. Өйткені бір кездері оның
ағасы Жүсіп те осылай ұрлық жасаған болатын», – деп
жан-жақтан даурыға кетеді. Хазірет Жүсіп олардың
бұлай кінә таққандарына іштей наразы болса да,
ішінен: «Пейілдерің неткен жаман еді! Өздерің бір кез-
дері мені әкемнен ұрлап әкеткен жоқ па едіңдер? Аллаһ
не айтқандарыңды жақсы біледі», – деп күбірлейді.
Хазірет Жүсіп Бунияминді алып қалмақ болғанда, он
ағасы жалынып: «Бунияминнің кәрі әкесі бар еді. Бір
баласын жоғалтқалы, қатты қайғырып тек осыны өзіне
медет етіп келе жатыр. Сізге біздің өтінішіміз, осының
орнына кез-келгенімізді алып қалыңыз. Бұл бала қалса,
әкесінің бетіне қалай қараймыз? Сіз өзіңіз де жүзіңіз
жылы өзгеге игілік жасаушы адамсыз ғой»
240
, – дейді.
Хазірет Жүсіп: «Жо-жоқ, о не дегендерің? Ұрлықты
кім жасаса соны ғана алып қаламыз. Жазықсыз жанды
кінәлап жазаға тартсақ, нағыз әділетсіздік сонда болмай
ма?» – деп, Бунияминді өзімен бірге алып кетеді.
240
«Жүсіп» сүресі, 78