179
Жақып пен Жүсіп (а.с.) пайғамбар
уырына не істегендеріңді білесіңдер ме?» – деп сұрады.
Олар Мысыр елінің аса лауазымды бір мырзаның мына
сөздеріне қатты таңырқап бір сәт тұрып қалды. «Мына
мырза не деп тұр өзі? Тіпті мына дауыс таныс дауыс
қой». Шамасы хазірет Жүсіп сол кезде Мысыр елінің
тілімен емес, өз елінің тілімен сөйлеген болса керек.
Оларға өзінің Жүсіп екенін айқын аңғартқан да осы, өз
тілдері болуы мүмкін. Болмаса бұған біз туралы Буния-
мин айтқан ғой деп ойлауы да әбден мүмкін.
Олар оған қарады да, Жүсіп екенін енді аңғарды.
Бәрі ұялғаннан беттері дуылдап, салбыраған баста-
рын жерден алмады. Бір кездері өздері көйлегін сы-
пырып құдыққа тастаған жас бала енді бүгін алпа-
уыт бір елдің қазынасын уысында ұстап отыр. Бұлар
болса, оның алдында өте жалынышты халде. Бейне
сүмірейген қайыршыдай. Бір кезде біреуі: «Сен
шынымен-ақ Жүсіпсің бе?!» деп сұрады. Ол: «Иә, мен
сол баяғы бала Жүсіппін. Мынау менің інім – Буния-
мин.
«Хақ тағала бізге шарапатын төкті. Кімде-кім
жамандықтан сақтанып, пәлекет атаулыға сабырлық
көрсетсе, Аллаһ оның еңбегін зая қылмайды»
243
,
–
деді.
Олар кінәсін мойындап:
«Аллаһ тағалаға ант етейік!
Хақ тағала сені бізден үстем етті. Расында, біз күнә
жасадық»,
– деп, істеген істеріне қатты өкінді. Хақ
пайғамбар:
«Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Аллаһ сендерді
жарылқайды. Ол рақымдылардың ең рақымдысы»
244
, –
дейді.
Хазірет Жүсіп оларды бұдан соң да, бірнеше күн
сыйлы қонақтарша жақсылап күтті. Олар інісі кешірген-
мен, өздерінің кінәсін, қазіргі оған кіріптар жағдайын
243
«Жүсіп» сүресі, 90
244
«Жүсіп» сүресі, 91-92