182
Пайғамбарлар тарихы
алдында тізе бүгіп отырып: «Әкетай! Расында, біз үлкен
күнә жасадық. Қазір соған қатты өкініп отырмыз. Біз
үшін Хақ тағаладан кешірім тілеңіз», – дейді. Жақып
пайғамбар:
«Жақында сендер үшін Раббымнан кешірім
тілеймін. Өйткені адамдарға рақым етіп, күнәларды
кешіретін Сол ғана»
246
,
– дейді.
Жақыптың (а.с.) көзі жазылысымен, ол балалары-
мен Мысыр еліне һижрет етті. Оларды қала сыртында
хазірет Жүсіп және сол елдің патшасы Райян ибн Уәлид
төрт мың әскермен күтіп алды. Әкесін көрген хазірет
Жүсіп бала күніндегідей атынан түсіп жүгіріп барып
оны құшақтай алды. Әкесі де баласын бауырына басып,
көз жасын төгіп, маңдайынан иіскеді. Хазірет Жүсіп
нағашы әпкесінің де келгенін көріп қатты қуанып,
Хаққа шүкіршілік етті. Ол бала күнінде анасы қайтыс
болғанда, соның қолында өсіп, ана орнына ана болып
кеткен еді. Кейіннен хазірет Жақып оны өзіне жар етіп,
некесін қидырған болатын. Сосын хазірет Жүсіп:
«Әке-
шешесін таққа көтерді. Барлығы Аллаһ үшін сәждеге
жығылды. (Жүсіп)
:
«Әкешім! Міне, бала кезде көрген
түсімнің жорамалы. Раббым маған көп игілік нәсіп
етті: мені зынданнан құтқарды. Шайтан туыста-
рым мен менің арамды бұзғаннан кейін, сахарадан сіз-
дерді кезіктіріп маған үлкен игілікке кенелдім. Күдіксіз,
Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол – толық білуші,
хикмет иесі»
247
,
– дейді.
Осылайша әкелі-балалы кісілер бір-бірлеп көрісіп
мауқын басты. Алайда бұл дүние қашанда өткінші,
жалған дүние ғой. Жалғанның жарын жағалап мың
жыл ғұмыр кешсең де, күндердің бір күні сол жардан
246
«Жүсіп» сүресі, 97-98
247
«Жүсіп» сүресі, 100