185
Шұғайып пайғамбар (а.с.)
Шұғайып пайғамбарға қатысты мәлімет Құранның
он шақты жерінде кездеседі. Хақ тағала оны Мәдиян
еліне пайғамбар етіп жібереді. Осы Мәдиян елі сондай-
ақ «Әйкә халқы» деп те аталады. Құранда:
«Әйкәжұрты
елшілерге сенімсіздік танытты. Сол кезде Шұғайып
оларға: «Қорықпайсыңдар ма?»
,
– деген еді»
249
дейді.
Кейбір тәпсіршілер «Әйкә жұртын» Мәдияннан
басқа ел деп айтады. Хақ тағала Мәдиян елін жермен-
жексен еткеннен кейін, Шұғайып пайғамбарды осы елге
көршілес Әйкә еліне жіберген деседі. Анығына келсек,
Мәдиян халқы сол Әйкә жұртының өзі. Өйткені оған
байланысты мәліметтер «Шұғара» сүресінде кездеседі.
Аятта ескертілген таразыға қатысты жайттар Мәдиян
халқына тән. Олардың «Әйкә» болып аталу себебі, сол
жердің жанға жағымды, өсімдігі мол сазды жер екен-
дігінде. Әйкә халқы сауда мен егіншілікті қатар кәсіп
еткен
250
.
Шұғайып (а.с.) Ибраһим пайғамбардың ұрпағынан
тараған. Мәдиян халқы Араб түбегіндегі Шам өңірінде
өмір сүрген-ді.
Мәдиян халқы әу баста бір Құдайға құлшылық
еткен халық болғанымен, бірнеше ұрпақ алмасқан соң,
бірте-бірте тура жолдан тая бастады. Сондай-ақ мінез
құлықтары да бұзылып, сауда-саттықта да, басқадай
249
«Шұғара» сүресі, 176-177.
250
Таббара, Маал-әнбия фил-Қуран. 202-205 беттер